Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:49, 22 Қараша 2023

Қостанайда көлік траншеяға түсіп кетіп, бір отбасы зардап шекті

Қостанай
Фото: из открытых источников

Қостанайда ата-анасы мен баласы бар көлік траншеяға құлап кетті, деп хабарлады Zhasalash.kz.

«22 қараша күні таңертең Летунова көшесіндегі үйлердің бірінің жанында Infiniti көлігінің 30 жастағы жүргізушісі траншеяға аударылып кеткен. Көлікте бір отбасы, оның ішінде бір бала болған. Оқиға салдарынан жолаушы зардап шекті», - делінген хабарламада.

Полицейлер кабель тарту үшін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерді тапты. Оқиға орнында ешқандай жол белгілері болмағаны хабарланды.

«Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Тегтер: