09:11, 12 Желтоқсан 2023
Қостанайдағы жарылыстан үш адам қаза болды – ТЖД

Төтенше жағдай департаменті Қостанайдағы Амангелді ауылындағы жарылыс болған үйден іздеу жұмыстарының нәтижесін хабарлады. Жарылыс салдарынан 12 адам құтқарылып, үш адам қаза болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
"Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, үшеуін құтқару мүмкін болмады", – деп хабарлады облыс әкімдігі.
Белгілі болғандай, төрт адам облыстық ауруханаға, ал алтауы қалалық ауруханаға жатқызылған. Біреуінің жағдайы ауыр.
Апат салдарынан жеті жеңіл және бес ауыр жүк көліктері, сондай-ақ аумаққа жақын маңдағы 12 үйге зақым келген.
Еске салайық, төтенше жағдай Қостанайда 11 желтоқсан күні түсте орын алды. Апатқа газ-ауа қоспасының жарылуы себеп болған.