Костенко шахтасында қаза болғандар саны 35-ке жетті
Қарағандыдағы Костенко шахтасында мерт болғандар саны 35-ке жетті.
«Қазіргі уақытта 35 адамның мәйіті табылды, оның 29-ы жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні белсенді іздеу жұмыстары жалғасуда.Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары республикалық орталық штабының Қарағанды филиалының 10 тау-кен құтқару бөлімшесі. Апаттық-құтқару жұмыстарына «Сервис» ЖШС жұмылдырылған», - делінген хабарламада.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) сенім телефондары жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Кейін үкімет «АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстанның меншігіне өту бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.