17:02, 17 Ақпан 2025
Костенко шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Апат 2023 жылдың қазанында болған еді.
Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.
"Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен Костенко шахтасында 46 кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық істі тергеуді аяқталды. 10 күдіктіге қатысты сотқа жіберілді. Олар Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталып отыр", – деп жазды Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде.
Айта кету керек, Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан 46 кеншінің аты-жөні жариялаған еді. Оқиға 2023 жылдың 28 қазанында болды.