Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:39, 31 Қазан 2019

«Көз тию» құбылысының қатпарлы қырлары

Ежелден бері ел аузында келе жатқан «Көз – адамжанының айнасы» деген тәмсілдің тегі рас.

Шынында да, қандай ортада жүрсек те, қандайжағдайларға тап келсек те, сол сәттегі жан дүниеміздің тебіреніс-толқынысы қосжанарымыздан көрініс табады. Көз – адам ағзасындағы еңсезімтал мүше болғандықтанда, оның сырттан келетін ірілі-ұсақты хабарды қабылдап, лезде сыртқа шығару мүмкіндігізор. Қос қарашықтың құдіреті сондай – кейбір жағдайларда оның бір ұшы жұмырбасты пенде үшін ғана емес, жалпы, тіршілік иелерінің өміріне қауіп төндіретін«көз тию» құбылысымен де ұштасып жатады. Ешбір жан көзімен көріп, қолымен ұстайалмағанымен, бұл «көз тию» ұғымы адамдарға ерте замандардан таныс. Оның құрбаныболған жандар не себепті көз тиетінін, оның астарында қандай мән-мағына жатқанынтерең зерделей алмаса да, көздің адамға психологиялық тұрғыда әсер ететін бір қасиетібар екеніне имандай сенген. Негізі, көз тиюдің түп-төркінінде өзімшілдік, қызғаныш,зұлымдық тәрізді жағымсыз ниет-пиғылдың жатқаны айдан анық.

Десек те, ғалымдар «кез келген адамның көзітимейді, оның да жеке адамның қабілет-мүмкіндіктеріне қатысты бір құпиясы бар»деген пікірді алға тартады. Расында да,  көз – адамның ең бір шынайы да нәзік мүшесіекенін теріске шығара алмаймыз. Бүгінгі күнге дейінгі жан иесінің осы бір ұрымталмүшесіне қатысты ғалымдардың ірілі-ұсақты ғылыми-зерттеулеріне үңілсек, жан иесініңқос жанарының қызметі мынау ғажап дүниені көріп, тамашалаумен ғанашектелмейтіндігіне, оның әлі де ашылмаған беймәлім қырлары мен танылмаған жұмбақсырлары көп екендігіне илана түсеміз. Оның сезімталдығы сондай – пенденің екі көзініңәрқайсысында 120 миллионға жуық талшық орналасқан. Олар негізінен ақ, қара түстердіжеткізсе, ал 7 миллионға жуық колба тәрізді көру клеткалары түрлі түсті көріністердіқабылдап-ажыратуға қабілетті. Көңіл күйге байланысты сәт сайын өзгеріп тұратынкөз түсінен адамның пейіл-ниетін аңғару да қиын емес.

Мамандар әр нәрседен секем алғыш адамдарға көбіреккөз тиеді дейді. Күнделікті өмірде кейбіреулер өзіне басқа бір адамның тесіле қараптұрғанынан сезіктеніп, одан тарайтын жағымсыз энергияны бірден қабылдайтынболса, енді біреулер айналасындағылардың сұқ көзіне тіпті назар аудармайдыекен. Негізі, жұтынып-тамсанып қараудың әсері сондай – көз ұшқындары ондай сәттене нәрсені де өртеп жіберуге қабілетті. Ежелден бері халық арасында «сұлу адамға,хас тұлпарға, өнерлі жанға көзі бар адам сұқтана қараса көз тиеді» деген пікір қалыптасқан.Мамандардың айтуынша, әсіресе әлі иммундық жүйесі мен табиғи биоқуаты толықжетілмеген сәбилер көздің сұғына бірден бой алдыратын көрінеді. Әрине, бұның бәрібір қарағанда аталмыш құбылысқа қатысты сұраққа берілген жауаптың бірпарасы  болғанымен, бәрібір есті адамдытолғандыратын «Көз тию деген не және ол қалай жүзеге асады?» деген бастысауалдың көпшілік көкейінде әлі де ашық қалып отырғаны сөзсіз. Оған тұшымдыжауапты бере алатын бір маман болса, ол, әлбетте, жантанушы-ғалымдар.

Мұқан Перленбетов, психология ғылымының докторы,профессор:

«Көз тию» деген сөздіңастарында бір адамның екінші біреуге көз энергетикасы арқылы әсер етуі деген ұғымжатыр. Қос жанарының қуаты мығым жандарды қазақта «көзінің сұғы бар» деп, алтілінің уыты барларды  «тілінің бізі бар»деуі де осыдан шыққан. «Көз тию» құбылысына себеп болатын – адамның бас құрылысындаорналасқан үлкен ми сыңарларының ортасындағы гипофиз. Анатомия ғылымының тіліменайтсақ, гипофиз – салмағы небәрі 4 мг-ды құрайтын без және оның негізгі қызметі– мелотонин гармонын бөлу. Ол адам ағзасындағы салмағы сондай аз болғанымен,салдары аса қиын органның бірі болып саналады. Кейбір адамдарда осы гипофизбастапқы қалпын жоғалтпайтын болса, ол өте мөлдір қалпында сақталады, яғни оныңекінші бір адамға әсер ететін энергетикалық қуаты да аса күшті болады. Бұл –бір жағынан, жан иесінің бойында тоғысқан экстроординалық қабілет. Таңғаларлығысонда – кейбір жандар өздерінің табиғатында тоғысқан мұндай қабілетінің барекенін өзі де біле бермеуі мүмкін. Алайда ондайлардың адамға, жан-жануарғатесіле қарап, тамсанып-жұтынуының бір ұшы осы «көз тиюге» әкеліп соғады.

Бағамдапқарасақ, негізі, көз тимейтін тіршілік иелері жоқтың қасы. Хас сұлуға да, суырыпсалмаақынға да, шашасына шаң жұқтырмайтын тұлпарға да көзінің сұғы бар адамның көзі өтуімүмкін. Оның салдары әрқилы болып келеді, атап айтқанда көз тиген адамның асқатәбеті болмай, ұйқысыздыққа душар болып, денесі мен буын-буыны құрысып, аяқ-қолдарытартылуы немесе белгісіз үрей-фобияны басынан кешіріп, психологиялық дағдарысқаұшыратуын айтпағанда, дер кезінде қайтармаса, өлтіріп жіберуі де мүмкін. Бұрыннанбері барлық халықта кездесетін «көз тию» құбылысы – күні бүгінге дейін ғалымдартарапынан жан-жақты қарастырылып жатқан айтулы мәселелердің бірі. Мұндағы еңбасты проблема да сонда – «көз тию» құбылысын дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қайтаруғаболғанымен, оны тоқтатып, түп-тамырына түбегейлі балта шабу мүмкін емес. Әркімніңде жадында ұстайтын мәселе – өзінің ойы мен пиғылына сақ болып, қандай ортадада тіршілік иелеріне қатысты таңдануға тұрарлық заттарға келгенде эмоциясын басқарыпотыруы өте маңызды. Әр адам сөзіне қандай сақ болса, көздің жауын алып қызықтыратын,назар аудартатын дүниелерге де жанарының нұрын іркіп, тесіле қарамауға тырысқаныабзал.

«Көз тию» адамның өмір сүрген ортасы мен уақытқабайланысты емес. Тіршілік иесі бар жерде бұл құбылыстың әркез орын алу ықтималдығыда басым. Тек адамдарға ғана көз тиеді десек, қателесеміз. Көз ірілі-ұсақтыжан-жануарларға да тиеді. Өйткені көзден тарайтын энергетикалық сәулелер  материяланады. Адамның сөзбен айтып-жеткізеалмайтынын оның көзінен аңғаруға болады. Күнделікті тіршілікте әрбір сәт сайын құбылыптұратын ішкі өзгеріс-толқыныстардың көздегі жылт еткен көрінісін тілменайтып-жеткізу мүмкін емес. Кім-кімнің де көзге айрықша мән беруінің астарында үлкенсыр жатыр. Мысалы, Эфиопияда тек белгілі бір топ адамдарының ғана көзі тиедідеп есептелсе, Солтүстік Еуропада қара көзді адамдардан сақтанған. Ал үндістандықтаржан иесіне кез келгеннің, тіпті рухтар мен жан-жануарлардың да көзі тиеді десе,Оңтүстік Италия тұрғындары көгілдір көзді жандарға күдікпен қарайды.

Жалпы, көздің магиялық күші жойқын болғанымен,оның құпиясын меңгерген жандар өте сирек кездеседі. Мәселен, өзімізге жақсытаныс цирк аренасындағы айбарлы арыстан мен жоталы жолбарыстың, арқыраған аюдыңтілін  жаттықтырушылар олардың көздерінетесіле қарау арқылы табады. Осыдан бірнеше жыл бұрын Канада ғалымдары көз тию құбылысынғылыми жолмен анықтауға тырысып көрді. Тәжірибеге бір топ адамды жинап, олардыңөздеріне басқа біреудің көзінің тигенін қалай сезінетіндерін бақылаған.Эксперимент нәтижесінде қатысушылардың 90 пайызы көз тигенде көк желкеден біржеңіл соққы алғандай әсерде болса, кейбіреулері омыртқа бойымен жел соғып өткендейкүй кешкен.

«Көз тию» құбылысының бір жағы адамның ерекшесезімталдығымен тығыз байланысты екендігін ХІХ ғасырда австриялық әйгілі химикКарл Фон Рейхенбах дәлелдеуге тырысты. Ол өз зерттеулерінде басқаларменсалыстырғанда жаны нәзік, аса сезімтал адамдар тірі энергетиканы өте жылдам қабылдайтындықтан,«көз тию» мидың қысқа толқындарының әсерінен туындайды деген қорытындығакелген. Қазіргі ғалымдар  «көз тию – бірадамның екінші біреуге энергия алмасу жағдайында психологиялық жәнебиоэнергетикалық тұрғыда айрықша әсер етуі» деген тұжырымды алға тартады. Тіл-көзадамдарға ғана емес, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, әсем заттарға да тиеді.Осыны жақсы білген қазақтар ертеде қыран бүркіт пен бәйгеге қосатын сәйгүліктердіжұртқа көрсетпей, жасырын ұстаған. Жан-жануарларға көз тигенін қасиетті бақсы-тәуіптеролардың көзіне қарап анықтайтын болған. Бүгінгі күні көздің магиялық қуатынатосқауыл қоюға ресми медицина да қауқарсыз.

Сәуле Әшен, дәрігер:

«Көз тию»құбылысын ресми медицина жоққа шығара алмайды. Ол бұрын да болған, бүгін де баржәне оны тоқтату да мүмкін емес. Ал оны қайтару мәселесіне келгенде ресмимедицинаның дәрменсіз екенін мойындауымыз керек. Өйткені ол ең алдымен адам ағзасындағыбір органның ақаулығы арқылы туындайтын созылмалы дерт емес, бір адамның екіншібір адамға көзі арқылы берілетін энергетикалық жойқын күштің ықпалынантуындайтын салдар. Біз, дәрігерлер, ауруды анықтау жолдарын ғылыми негізде кезең-кезеңбойынша жүзеге асыра отырып, соның негізінде нақты диагноз қою арқылы сырқатты қажеттідәрі-дәрмектермен емдейміз. Ал «көз тиюдің» салдары адамның белгілі бір дәріні қабылдауыментоқтайтын дерт емес,   көзге көрінбейтінэнергетикалық әсерлерден туындайтын құбылыс болғандықтан,  көбінесе психологиялық иірімдермен астасыпжатады. Олай дейтінім, мұндай жағдайды өз басымнан да өткізгенмін. Бала күнімдедомбыра үйірмесіне қатысып, көпшілік жиналатын үлкен орталарда жиі өнер көрсетіпжүріп, бірде аяқастынан ұшып түскенім бар. Сонда анам мені 16 перзентті өмірге әкелген,оның ішінде төрт рет егіз бала туған бір әйелге апарып, ұшықтатқаны есімде.

Негізі,қазақта аузы дуалы батагөй қарттарды, жүрген ортасында имандылықтың ұйытқысыбола білетін шаһадатты жандарды, сондай-ақ бір емес, бірнеше баланы дүниеге әкелгеналтын құрсақ ондай аналарды да киелі, кейуана деп ырымдайтыны рас. Көз жасқада, жасамысқа да тиеді, десек те, соның ішінде оған жиі бой алдыратындаркішкентай балалар. Олай болуы заңды да, өйткені олардың бойындағы биоқуаттары әліде әлсіз. Біздің халық оның да сырын жақсы білген. Кішкентай балақайлар тіл-көзтиіп мазасызданса, анасы перзентінің шекесін, құлағы мен маңдайын үш қайтаражалап, оң және сол жағынан тұзбен аластап, артынша оны ағын суға ағызып жіберіпотырған. Тіпті оны айтпағанда, бүгінгі күні кейбір балалардың ана құрсағындажатқан кезінде пайда болып, дүниеге келгеннен кейін де арқасына шығып қадалып,мазасын алатын тікенектерді ертеде қазақ әйелдері ешбір дәрігерге жүгінбей-ақ, қарананның бір үзімін домалақтап алып, сәбидің денесіне жүргізе отырып тазалап,тікенектерді алып тастайтын болған. Өкінішке қарай, бүгінде жас аналар мұндай әдіс-тәсілдерденбейхабар. Көз тиюдің құрбаны болғандарды отпен аластау да халық емшілігінде бұрыннанкеле жатқан нәтижелі әдіс-тәсілдердің бірі. Қорыта келгенде айтарым, көз тиюді қайтаруғакелгенде дәрігерлерден гөрі халықтық салт-дәстүр мен ырым-жоралғыларды жетік меңгергенхалық емшілері мен белгілі бір Құран аяттарын оқу арқылы ауыр энергетиканыңбетін демде қайтаратын діндарлардың бәсі биік.

Ежелден бері түрлі халық өкілдері нысаналағанын құлатып,жан баласының күш-қуатын әп-сәтте сорып алатын көзден қорғанудың түрлі амал-тәсілдерінмеңгеруге тырысқан. Соның ішінде түркі халықтарында көп кездесетін көз тиюденсақтанудың бір жолы – ол әлдекімге назар ауып таңғалғанда, ізінше «тіл-аузымтасқа» деп, оң иықтан асырып үш рет түкіру. Сондай-ақ көп адамдар жиналған ортағанәрестенің маңдайына күйе жағып апару, тұлпардың кекіліне қызыл мата байлау,жас төлдің мойнына қоңырау ілу, сәбидің бесігіне түрлі асыл тастардан өрілген моншақтармен асықтарды түрлі түске бояп іліп қою секілді ырым-жоралғылар қазақтарда күнібүгінге дейін сақталған. Бұған қоса, жүргізушілердің көліктеріне үкі немесе тасбиықіліп қоюы да мың бір пәле, жүз бір қатердің алдын алудың бір амалы. Көз тиюденсақтанумен қоса, оны қайтарудың да әдіс-тәсілдері әрқалай. Мәселен, орыстар көзтиген жанды балауызбен аластаса, хакастар арнайы қазылған орға адамды жатқызып,Тәңірге жалбарынып дұға жасаған. Мұндай жағдайда үнді иогтары астралдық тәндітазалау ең басты тәсіл десе, египеттіктер күн сәулесінің қуатын пайдалану арқылыбойларын босатқан. Төл халқымыздың салт-дәстүрінде тіл-көзден сақтануда ер-азаматтарбойтұмар, ал қыз-келіншектер асыл тастардан әшекейлер тағып жүру дұрыс деп санаған. 

Анар Нұрғалиқызы, емші:

Көз тиюдің белгісі, ең алдымен,адамның жауырынында көк дақ түрінде таңбаланып көрініс береді. Бұны, бір жағынан,жағымсыз энергияның жан иесінің негізгі энергетикалық желілері тоғысқан(энергетические чакры) тізбекке дендеп енуі салдарынан ондағы қуат көзінің ырғақтығыныңбұзылуы немесе өмірлік қуаттың тоқтауы деуге де болады. Бұл жерде негізгі мәселе, ең алдымен, жағымсыз энергияның құрбаныболған энергетикалық желі қақпаларын тазалауға, оның бұрынғыдай жұмысын жалғастыруынамүмкіндіктер жасау амал-әрекеттеріне келіп саяды. Сәйкесінше ондай әдіс-тәсілдердіжүзеге асыратындар да бойындағы күш-қуаты мығым, тұтастай биоэнергиямен саналытүрде жұмыс істей алатын емшілер, экстрасенстер мен зікіршілер.

Халықтықмедицинада оны қайтарудың бірден-бір жолы – үшкіріп, ұшықтау, Құран аяттары арқылыдұға оқып тазару. Бұған қоса, шырақ жағып, көз тиген адамның өне бойын отпеналастап-тазартуға, буын-буында жиналып қалған энергетикалық түйіншектерді қолдықойып, бармақ басу арқылы суырып шығару әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатаркөп адамдар мән бере бермейтін бір жайт, ол – әр адам Құран-Кәрімдегі жамандықтансақтайтын сүрелерді таңертең, кешке оқып жүрсе, ол да пендені аяқастынанкелетін жамандықтардан сақтайды. Мүмкіндік болса, киелі жерлерге барып, әркімніңөзіне күш-қуат алып тұруы пенденің бойындағы өмірлік қуатын асырмаса,кемітпейді. Бұл жерде баса айтатын жайт, әулиелі жерлерге түнеуге болмайды, текзиярат етіледі. Ондай жерлердің қуат көзі аса таза, мөлдір болып келеді.

Психологтар сөз бен көздің ауыр энергетикасынатосқауыл қоюда адамның ішкі ерік-жігерінің ықпалы мол екенін ескертеді. Тіптітіл-көзді қайтарған кездің өзінде де, кейбір жандардың көзінің сұғы мен тілініңуыты бар адамдарды кешіре білуі де оны сол тығырықтан толықтай алып шығатын,тазартатын әдіс-тәсілдің бірі болып табылмақ. Жаратылыстанушылар бүкіл психологиялыққұбылыстың барлығы көз арқылы жүзеге асатындықтан да, ол құдды бір терезе тәріздідейді. Ал діни ұғым бойынша, ертеден бері «адамның жаны көз арқылы кіріп, көзарқылы оны тастап шығады» деген түсінік қалыптасқан. Барлық халықта көзге қатыстыоқиғалар, белгілі бір дәстүрлер мен аңыздар жетіп-артылады. Мәселен, өткен ғасырдаЕуропада өлім жазасына кесілгендердің қос жанарындағы нұрды жасыру үшін олардыңкөздерін матамен байлаған. Ал үнді тайпалары жауласқан адамдарының көздерінетесіле қарай отырып, қарсыластарын әлсіреуге жеткізген. Өзіміз өмірде жиі куәболып жүрген бір құбылыс, ол – биоэнергетиктер мен экстрасенстердің науқастарғадиагноз қоярда ең алдымен олардың көздеріне қарап сырқатты анықтап,емдейтіндігі. Ал адам соңғы сапарға аттанғанда, марқұмның көзін жабу дәстүрі детегіннен тегін емес. Қорыта айтқанда, көз – адамның ішкі сезімі мен санасының ұясы.Сондықтан да көз тиюден сақтанып, барынша қорғана білу жасқа да, жасамысқа даеш артықтық етпесі сөзсіз.

    Арай Сахариева,журналист

Тегтер: