22:41, 23 Наурыз 2019
Кремльдегі концертке 56 елден тыңдарман жиналды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің басты сахнасы саналатын Кремль сарайында жеңе концерт берді.
Концерттің рекшелігі сол, шығармашылық кешке тек ресейлік немесе мәскеулік тыңдармандар ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген адам жиналды.Әлемнің 56 елінен келген Димаштың жанкүйерлерінің ұзын саны 400-ден асып жығылады. Олардың негізгі мақсаты әлемдік үлкен сахна саналатын Кремльдегі концерті алдында сүйікті әншілерін қолдау. «Pre-party» ұйымдастырған жанкүйерлер интерактивті ойындар, би, флешмоб, караокеге негізделген ойындар мен бағдарламалар жасап, тыңдармандарға жүлделер үлестірді. Фанаттар сүйікті әншілеріне сыйлық ұсынып, суретке, видеоға түсуге мүмкіндік алды. Әнші фанаттары үшін Еуразиялық фан-клубтың TOP Dimash & Dears AWARDS аталымы бойынша марапаттау шарасы да өтті. Сонымен қатар, жанкүйерлер әншіге және оның ата-анасына (TOP Dimash & Dears Honored Family, TOP Dimash & Dears The One&Only) арнайы марапаттаулар табыстады.Тағы бір ерекшелік – концерттің қазақтың ұлттық мерекесі – наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылғаны. Осыған байланысты, Қазақстаннан апарылып, арнайы дастарқан жайылып, қонақтар қазақтың наурыз көжесі бастаған ұлттық тағамдарынан дәм татты.Кештің тағы бір тосынсыйы Димаш Құдайбергеннің анасы, Қазақстанға белгілі әнші Светлана Айтбаеваның сахнаға шығуы. Ол «Подмосковные вечера» әнін орындады. Сонымен қатар, 29-маусымда Қазақстан астанасында өтетін концертіне билет ұтып алуға мүмкіндік алды. Оны ұйымдастырған Қазақстандағы концерттің бас ұйымдастырушысы «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин. Басқарма төрағасы ол концерттің дайындығы жайлы айтып өтті: — Мұндай үлкен шараны ұйымдастыру біздің тәжірибеміздегі сирек жағдайдың бірі. Сондықтан біз жобаны Димаштың командасымен екі ай бойы талқыладық. Талқылау өткен жылдың қарашасында басталды. Техникалық форматын, тұжырымдамасын және түрлі ұйымдастыру мәселелерін талқылап, келістік. Қаңтар айының басында концерттің өтетіндігін ресми жарияладық. Қазір концертті ұйымдастырумен тікелей айналысатын шығармашылық команда анықталды. Сонымен қатар техникалық, ұйымдастыру, дыбыс және хореографиясы сынды барлық бағыттар бойынша біліктілігі жоғары кәсіби мамандарды шақырылды, — дейді ол.Астанада өтетін концерттің билеттері 18-наурызда ғана сатыла бастады. Содан бері 50 пайыз билет сатылып кеткен. Концертке әлмнің тоқсаннан астам елінен әншінің тыңдарман-жанкүйерлері келеді деп күтілуде.Димаштың Мәскеудегі ән кешіне ата-анасы мен жақындары, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағанбетов, атақты композитор Төлеген Мұхамеджанов, Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров және бірқатар қазақстандық эстрада әншілері қатысты.Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттің билеттері концерттен көп уақыт бұрын сатылып кеткен. Айта кету керек, Димаш Құдайберген Мәскеудің Кремль сарайында жеке шығармашылық кеш өткізген тұңғыш қазақ әншісі.Фото: 24.kzӘлшен Едіге