Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды
Астана қалалық соты Қуандық Бишімбаевты 9 қаңтардан 9 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», - деп жауап берді сауалға.
Сот өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.
Еске салайық, 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.
15 қарашада өткен кеңесте Президент Қ.Тоқаев ІІМ-ге Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.