13:29, 26 Ақпан 2024
Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді
Әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті деп танылған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталып, ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы адвокат Жанна Мұхамади хабарлады.
«Іс шынымен де сотқа жіберілді, бірақ судья әлі анықталған жоқ», — деді ол.
Экс-министрге «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» және «Қинау» баптары бойынша айып тағылған.
Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Істің басталуы бүгін, 26 ақпанға белгіленгені атап өтілді. Айыпталушылар - Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов. Ал іс материалдары жарияланбайды.