Құлсары қаласында 2680 нысанды су басқан
Толық ақпарат су деңгейі толық түскеннен кейін ұсынылады. Арнайы комиссиялар құрылып, нысандарды аралау жүргізіледі.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов хабарлады.
Бүгінде Құлсары қаласында 231 бірлік техника, 18 дана жүзу құралы және 19 су сору құралдары жұмылдырылған. ҚР ТЖМ күштерінің арқасында дамбалар салу, бөгеттерді көтеру жұмыстары, сондай-ақ қаптарға топырақ толтырып, төсеу жұмыстары жүргізілуде. Құлсары қаласынан жалпы есепте 31 009 адам көшірілген. 274 адам уақытша орналастыру орталығына орналастырылды, деді спикер.
Сонымен қатар, Жылыой ауданында оқиғалар орын алғаннан бері 203 тонна гуманитарлық көмек көрсетілген.
Фото: qandastar.kz