Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Kundelik жүйесінен мыңдаған қазақстандық оқушының деректері тарады

Киберқылмыс
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық электронды күнделік платформасы Kundelik ірі деректері тарап кетті. Желтоқсан айының басында интернетте оқушылардың жеке мәліметтері бар файлдар пайда болған. 

Ашық таралған тізімдерде оқушылардың аты-жөні, туған күні, мектептері мен сыныптары көрсетілген. «Выход к морю» Telegram-каналы деректердің 2025 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңге сәйкес келетінін айтып, бұл жақында болған заң бұзушылық екенін мәлімдеді. Kundelik операторынан ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.

Сарапшылардың айтуынша, darknet-платформаларда қолжетімді ақпарат — тек бірнеше мың жолдан тұрады. Шынайы көлем әлдеқайда үлкен болуы мүмкін. Сонымен қатар логиндер, құпиясөздер, телефон нөмірлері және басқа да деректер таралған-тармағаны беймәлім.

Kundelik платформасын Қазақстанда миллиондаған оқушы, ата-ана және мұғалім қолданады. Сондықтан сарапшылар жеке өмірге қауіп жоғары екенін айтып отыр.

Платформаның құрылтайшылары — Мұхтар Ильясов, Аскар Бишигев, сондай-ақ Динара Құлыбаева құрылымдары және ресейлік «Дневник.ру» компаниясы. Соңғысы Kundelik-тің технологиялық негізін берген. Ресейлік сервис бұған дейін де монополия, деректердің әлсіз қорғалуы және ақылы қызметтер үшін сынға алынған. Kundelik-ке қатысты да осындай шағымдар бұған дейін бірнеше рет айтылған. Тіпті, жүйеде балаларға арналмаған жарнамалар көрсетілген жағдайлар болған.

Отандық IT-мамандар бұрыннан мектептік цифрлық сервистердің монополизациясы туралы дабыл қағып келеді. Олардың айтуынша, заңды келісімдерсіз жұмыс істейтін жеке платформалар миллиондаған пайдаланушының деректеріне тікелей қол жеткізеді.