Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:35, 20 Шілде 2020

Күндізгі стационар жабылды

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар саныныңазаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационаржабылды.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖРВИ менпневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күнбұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан болатын.

Стационардаалғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Бүгінде қаладаэпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішіндестационарға келушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайды, яғни күнделіктістационарға әр емханадан екі-үш емделуші келді.

Сондай-ақ,емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың ашылуынабайланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі төмендеді. Осы себепті қалаәкімдігімен жеңіл атлетика аренасындағы күндізгі стационардың жұмысын тоқтататұру туралы шешім қабылданды. Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялықтазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.

Айта кетейік,жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлықемханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмеккөрсетті.

Тегтер: