Күнкөрістің қамы, келіспей жүр әлі… (инфографика)
Қазақстандағы күнкөріс себеті биылғы жылы 36 018 теңгені құрайды. Күнкөріс себетінің 60 пайызы азық-түлік өнімдері болса, қалған 40 пайызы – халыққа қажетті тұрмыстық күнделікті тұтыну тауарлары.
Бұдан шығатын қорытынды, халық 21 600 теңгесін бір айлық азық-түлікке жұмсайды, ал қалған 14 418 мың теңгесіне кіржуғыш заттарын және де тұрмысқа қажетті дүниесін түгендейді. Мұны ескерген мамандар «ай сайын 21 мың теңгенің көлемінде ғана тамақтанып, салауатты өмір сүру мүмкін емес, сондықтан қарапайым халықтың жайын ойласақ, күнкөріс себетін тез арада қайта қараған жөн» деп дабыл қағып отыр.
Мамандардың пайымдауынша, бізге күнкөріс себетін 60 мың теңгенің айналасында қайта есептеу керек. Себебі, қазірде Еуропа елдерін қойып, ТМД құрамындағы бірқатар елдің өзі күнкөріс себетін тойымды етіп, нықтап алыпты. Бізден эконмикасы кемшін, бізден төмендеу деген бірқатар ТМД елдерінде күнкөріс себетіне енетін тағамдардың салмағы Қазақстаннан көбірек немесе Қазақстанмен деңгейлес.
Мұны төмендегі инфографикадан нақты көруге болады:

Еуропа елдеріндегі күнкөріс себеті, тіпті таңдай қақтырады. Мысалы, АҚШ-та күнкөріс себетіне 300-ге жуық өнім енеді. (Бізде 43 түрлі өнім). Ал Германияда 475 өнім түрі енсе, Англияда 350 өнім түрі күнкөріс себетіне енген. Тіпті француздардың күнкөріс себетіне көңіл көтеретін сусындары аққайнарға дейін енсе, АҚШ-та кока-колаға дейін тұтыну себетінің бел ортасында тұр. Ал Украинада күнкөріс себетіне жағдайы төмен отбасылардың алатын киім-кешектеріне дейін енген.
Мұны да төмендегі инфографикадан көруге болады:
