Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 20 Шілде 2023

Курсант 18 жаста жүргізуші куәлігін алады

None
None

Биыл Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің Алматыдағы бөлімшесінде курсанттарды тегін оқытатын курс өз жұмысын бастады.

 

Еліміздің қарулы күштеріне қажетті мамандық даярлау мақсатындақажеттіліктердің орнын толтыру үшін әскери жүргізушілерді оқытужоспарланды. Осы орайда курсанттар үш ай мерзімде оқып, түлектер «В», «С» және «С1» санатындағы жүргізуші куәлігіне иеболады. Бөлімшеде курсанттарды қорғаныс саласында әскери-техникалық мамандықтарға үйрету басты назарға алынған.

Сондықтан азаматтарды әскери көліктерді жүргізуге үйретіп, біліктіжүргізушілер, ауыр машиналар айдайтын, әскери көліктің құлағындаойнайтын мамандар дайындалуда.

– Еліміздегі заң шеңберінде «С» санаты бойынша автокөлік жүргізуқұқығы 21 жасқа толғанда ғана берілетіні көрсетілген. Ал жергіліктіәскери басқару органының жолдамасы бойынша біздің мектептібітірген жастарға мұндай мүмкіндік 18 жасында беріледі, – дедіҚорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Алматыбөлімшесінің директоры полковник Мирас Жылгелдин.

Аталған мектепте оқитын курсанттарға барлық жағдай жасалған.Олар тұратын жай, тамақ, киім-кешекпен қамтылған. Биылдыңөзінде бұл мектепте 60-тан астам курсант білім алды. Осылайәскери-техникаға бейім мамандар даярлауға деген сұраныс бүгінгітаңда әскери қорғаныс саласында жыл сайын артып келеді.

Тегтер: