Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 30 Желтоқсан 2022

Лауазымды тұлғалардың қылмыстық схемасы әшкере болды

None
None

ҚазТемірТранс лауазымды тұлғаларын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы әшкереленді, — деп хабарлайды Жас Алаш  Антикорға сілтеме жасап.

Жедел өңдеу нәтижелері бойынша Қазақстан Темір Жолы еншілес кәсіпорындарының бірінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып табылатын "Қазтеміртранс" акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы ашылып, жолы кесілді.

"Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдалана отырып, жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды.

Тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысты", — делінген Антикор хабарламасында.

Тегтер: