Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметіне үндеу жасады

Белгілі голливуд актері Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметін киіктердің көбеюімен құттықтады , деп жазды Zhasalash.kz.
Актер киіктің Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміндегі "жойылып кету қаупі төнген жануарлар" санатынан "қатерлі жағдайға жақын" санатына ауысқанын еске салды.
"Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталуын көрсетеді. 2005 жылы бұл түрдің саны небәрі 48 000 болды, ал қазір ол жабайы табиғатта 1,9 миллионнан асты. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат салған Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткізілген табиғатты қорғау ісіндегі шынайы табыстың жарқын мысалы", - деп жазды Ди Каприо Instagram парақшасында.