Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:20, 07 Тамыз 2020

Ливан билігі жарылысқа байланысты 16 адамды қамауға алды

None
None

Ливан билігі Бейрут портындағы ірі жарылысқа байланысты 16 адамды қамауға алды. Премьер-министр Хасан Диаб кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.

Ұсталғандар арасында порт басшысы Хасан Корайтем де бар. Associated Press агенттігінің жазуынша, тергеушілер 7 тамызда одан жауап алмақ.

Орталық банк бірнеше адамның – Корайтем мен кеден департаменті басшысының да есепшоттарын бұғаттады. Денсаулық сақтау министрі 4 тамыз күні болған жарылыстан кемінде 137 адам қайтыс болғанын хабарлады. Ондаған адам із-түзсіз жоғалған және кемінде 5 мың адам жарақаттанған. Қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сүйенген ақпарат агенттіктері 6 тамыз кешке қаза болғандар санының 145-ке жеткенін жазды.

6 тамызда жарылыс болған аумақта болған Франция президенті Эммануэль Макрон жарылысты халықаралық деңгейде зерттеуге шақырды. Жарылысқа портта жылдар бойы сақталып келген аммиак селитрасы себеп болған деп айтылады.

Видео: Бейруттағы жарылыс қалай болды? (4 тамыз 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Бейруттағы жарылыс қалай болды?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Бейруттағы жарылыс қалай болды? please wait Embed Бөлісіңіз
Бейруттағы жарылыс қалай болды?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30766313.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:35 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: