Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:44

Ливерпульдегі әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары жеті алтын медаль жеңіп алды

Санжар Тәшкенбай
Фото: ҚР ҰОК

 Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Боксшыларымыздың қоржынында – жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль.

Құрама капитаны Айбек Оралбай (+90 кг) финалда Өзбекстан спортшысы Жахонгир Зокировты жеңіп, елге жетінші алтынды сыйлады. Осылайша ол әлем чемпионы атанды.

  • Алуа Балкибекова (51 кг) түрік қарсыласы Бусе Наз Чакыроглуды айқын басымдықпен ұтып, қатарынан екінші мәрте әлем чемпионы болды.

  • Аида Әбікеева (65 кг) алғашқы екі раундта өзбекстандық Навбахор Хамидовадан ұтылғанымен, шешуші раундта жағдайды түбегейлі өзгертіп, алтын медаль иеленді.

  • Чемпионаттағы дебютін жасаған Төрехан Сабырхан (70 кг) финалда жапондық Сэвон Окадзаваны тартысты кездесуде жеңіп, алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді.

  • Наталья Богданова (70 кг) австралиялық Лекеиша Перголитиден басым түсіп, чемпион атанды.

  • Алғашқы алтындарды құрамаға Санжар Ташкенбай (50 кг) мен Махмуд Сабырхан (55 кг) алып келген болатын. Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеті алтын, бір күміс және екі қола жүлдемен аяқтады.

Тегтер: