Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:54, 15 Қаңтар 2024

Ілияс Жансүгіровтің қызы дүниеден өтті

Ильфа Ілиясқызы Жандосова-Жансүгірова
Фото: из открытых источников

Жазушы Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Жандосова-Жансүгірова 89 жасында қайтыс болды, деп хабарлады оның қызы Жанар Жандосова.

 

"14 қаңтарда 89 жасқа қараған шағында азаматтық ұстанымы бар тұлға, ұлағатты ұстаз, қуғын-сүргінге ұшыраған ақын Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Ілиясқызы Жандосова-Жансүгірова  дүниеден өтті», - деп жазды Жанар Жандосова.

Ильфа Ілиясқызы 1935 жылы 29 мамырда Алматыда туған, бірақ 1937 жылы, небәрі 2 жасынан бастап, «халық жауы отбасының» мүшесі ретінде астанадан аластатылып, бүкіл Қазақстан даласын аралап, көшіп кетуге мәжбүр болды. Соғыс жылдарында Жамбыл облысының Меркі ауылында тұрақтады.

Тек 1950-жылдардың басында ғана Алматыға қайта оралған Ильфа Жансүгірова Шет тілдері институтына оқуға түседі, оны бітірген соң Қ. Сәтпаев атындағы политехникалық институтта, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институында неміс тілі пәнінің оқытушысы болып, ҚазКСР Педагогикалық қоғамының Ғалым хатшысы, сонымен қатар ҚазКСР Ғылым академиясының шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

"1958 жылы Ильфа Ілиясқызы Санжар Оразұлы Жандосовқа тұрмысқа шығып, бес бала тәрбиелеп өсірді. Ильфа Жандосова батыр ана, жоғары кәсіби ұстаз ғана емес, сонымен бірге жары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері С.Жандосовтың 1992 жылы қайғылы қазасына дейін 34 жыл бірге өмір сүрген серігі болды. 1999 жылы Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитовалардың шығармаларын зерттеу, басып шығару және аудару, мұрағат ісімен айналысатын, мектептер мен мұражайларға көмектесетін Ілияс Жансүгіров атындағы қоғамдық қорды құрып, басқарды.  "Тағдырымда қалған із" атты естеліктер кітабын жазды. Ильфа Ілиясқызы соңғы уақытқа дейін Қазақстанның азаматтық қозғалысын белсенді түрде қолдап келді", - деп жазды Жанар Жандосова.