М.Әуезовтің өмір жолындағы Орынбор және Ташкент кезеңдері

Жазушының қалыптасу жолындаОрынбор және ташкенттік кезеңдердің болғанын ескерсек, бұл кезеңдегі оның өміржолына қатысты фактілік материалдармен таныса отырып, осы тұстағы қазақоқығандарының күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты біраз нәрсеге көзжеткізгендей боламыз.
Сондай тарихи фактілердің біршамасы М.Әуезовтің орынборлықкезеңіндегі қызметіне қатысты.
1920 жылдардың басында М.Әуезовреспубликадағы саяси басшылықтағы топтың қатарында болды. Мәселен, ол 1921 жылыСемей губерниялық революциялық комитеті төрағасы қызметінен Орынборға кейіншақырылған С.Сәдуақасовтан соң, бұл қызметті уақытша М.Әуезов атқарады. Осы жылыол Қазақ орталық атқару комитетіне (ҚАОК) мүшелікке сайланып, оның төралқамүшесі және саяси хатшысы қызметінде болды.
Қазақ орталық атқару комитетіндесаяси хатшы қызметінде жүрген М.Әуезов жоғарғы саяси басшылықтың наразылығынтудырған бір іске араласады. Оның қысқаша тарихы мынадай еді. Осы жылдыңбасында Қазақ ОАК төрағасы С.Меңдешевтің шешімімен Сібір өлкесінің құрамынанҚазақ республикасының басқаруына өткен Семей губерниясын қабылдап алуға СемейгеС.Сәдуақасов іссапарға жіберіледі. Бұл губернияның қазақ тұрғындарының арасынаштық жайлаған кезең еді. Елдегі ауыр жағдайды көріп отырған губерниялықбасшылық шарасыздық танытып, әрекетке көшпейді. С.Сәдуақасов келген беттетөтенше жағдай жариялап, тек еуропалықтардан тұрған ескі губерниялық атқарукомитетін таратып, орнына құрамына жергілікті қазақ қызметкерлері енгізілгенгубревкомды құрды. С.Сәдуақасовтың бұлшешімдерінен «ұлтшылдықты» көрген қарсыластары бірігіп, оны Семейдегіқызметінен кетіріп, партия қатарынан шығартуға әрекет жасайды. Қоғамның көзалдында орын алған бұл озбырлыққа төзе алмаған басшылықтағы қазақ қызметкерлері1921 жылы қазан айында Орынборда шақырылған ІІ жалпықазақстандық советтерсъезіне қатынасқан қазақ коммунистерінің жиналысын өткізеді. Сол кездегіреспублика басшылары Меңдешев, Мырзағалиев, Асылбеков, Түркістанреспубликасының өкілі Ф.Ходжаев – барлығы 51 адам қатынасқан бұл жиналысқаМ.Әуезов төрағалық жасайды. Жиналыс С.Сәдуақасовтың мәлімдемесін тыңдап жәнеоны талқылап, мынадай мазмұндағы қаулы қабылдайды: «Жиналыс Сәдуақасовжолдастың мәлімдемесін тыңдап, оның Семей губерниясындағы қызметінде бетіменкеткен отаршылдық ұстанымдағы губерниялық революциялық комитетті құртуды әбден орындышешім деп есептелсін. Сәдуақасов жолдастың Семей губерниясындағы қызметібарысында отаршылдық пиғылдағыларды босатып, қызметке жергілікті бұратаналардытартуын да тура санап, соған байланысты облыстық комитет тарапынан Сәдуақасовжолдастың жоғарыда баяндалған қызметіне съезд барысында оң баға беруі өтінілсін,ал бақылау комиссиясы Сәдуақасов жолдасқа байланысты бұған дейінгі шешімінқайта қарасын».
Жиналыста қабылданған бұл шешімніңС.Сәдуақасовты партия қатарында қалдыруға, сондай-ақ Семей оқиғасына байланыстықызметкерлер арасында оң пікір қалыптастыруға жағымды әсері болғаны анық.
М.Әуезов кейінірек, яғни 1931 жылы 20қыркүйекте абақтыда жатып, осы жиналысқа байланысты берген жауабындаС.Сәдуақасов әрекетінен ешқандай да ұлтшылдық пиғылды көре алмайтынын тағы дақайталайды.
Жалпы, бұл фактіден Қазақстанда енді ғанаөз қызметіне кіріскен советтік мемлекеттік аппараттың патшалық кезеңдегі ұлыдержавалық ұстанымынан арыла алмайотырғанын, ал оның бұл ұстанымына қазақ қызметкерлерінің үзілді-кесілдіқарсылық танытқанын, М.Әуезовтің осы қарсыласудың басы-қасында жүргенінбайқауға болады.
М.Әуезовтің сол кездегі астанаОрынбордағы белсенді саяси қызметі, әсіресе, 1921 жылғы аштықпен күрес тұсында анықбайқалады. Бүкіл қазақ даласын құрсауына алған аштықпен арпалыста инициативаалаштық зиялыларға көшіп, олар елдегі ірі орталықтарда аштарға көмекұйымдастыру ісін қолға алады. «Ақ жол» (Ташкент), «Қазақ тілі» (Семей)газеттері бұл істе ұйытқылық қызмет атқарады. Орынборда Қазақ орталық атқару комитетініңсаяси хатшысы қызметіндегі М.Әуезовтің ұсынысы және ұйымдастыруымен үкіметмүшелері мен зиялылар қатынасқан үлкен жиналыс өткізіліп, аштық жайлағанөңірлерге тез арада көмек ұйымдастыру мәселесі талқыға түсіп, республикалық аштарғакөмек комиссиясы (Помгол) құрылады. М.Әуезов комиссияға төрағалыққаА.Байтұрсынұлын, ал мүшелікке партияда жоқ, бірақ ел арасында беделі бар қазақоқығандарын көбірек енгізуді ұсынады. Оның бұл ұсынысы бүтіндей өтпесе де,ішінара қабылданып, комиссия төрағасы болып С.Меңдешев (ҚазОАК төрағасы), алоның орынбасарлары болып А.Байтұрсынұлы мен М.Әуезов бекітіледі.
М.Әуезов осыжиналыс өткен бетте «Еңбекші қазақ» газетінде елді жайлаған аштықпен күрескебелгіленген шараларды түсіндіруге байланысты мақалалар жарялап, ізін ала Семейжәне Орал губернияларында болып, жергілікті жағдайлармен танысып, губерниялықактивтермен жиналыстар өткізеді. М.Әуезовтің ҚазОАК-дегі қызметімен жақыннантаныс болған Ә.Байділдин 1929 жылы 1 маусымда тергеушіге берген көрсетуіндеМ.Әуезовтің аталған жиналыс өте салысымен «Еңбекші қазақтың» сол жылғы 4-шіжәне 5-сандарында аштыққа байланысты мақалалар жариялап, оның бұл әрекеті тезарада Ташкенттегі алашордалықтар тарапынан үлгі аларлық іс ретінде қолдаутауып, осы орайда, «Ақ жол» газетінде ел азаматтарын аштықпен күрес ісіндеауызбірлікке және нақты жұмыс атқаруға шақырған материалдар легі жарық көргенінбаяндайды. «… Осы мезгілде, – деп жазады көрсетуінде Ә.Байділдин, – ӘуезовОрал қаласына губерниялық конференция өткізуге барып қайтты. Бұл сапардан олжол бойындағы аштық жайлаған қазақ халқының күйін (ит етін жеген, шөп тамырынқорек еткен, жол жағасында көмусіз қалған мәйіттер) көріп, жантүршігерлікжағдайға куә болғанын айтып келді. Өңірде өзімен бірге болып, халыққа көмекұйымдастыру ісінде аянбай еңбек еткен Жолдыбаев, Жантілеуов, Қаратілеуов жәнебасқа серіктері туралы жақсы пікірін білдірді».
Ә.Байділдиннің көрсетуіне қарағанда, аштарға көмеккомиссиясының жұмысын жүргізген А.Байтұрсынұлы мен М.Әуезов біраз жұмыс атқарып,жергілікті мекемелерге жеделхат жолдап, тез арада аштарға көмек комиссияларынұйымдастыруды ұсынып, барлық губерниялар бойынша танымал зиялылардың тізімінжасап, оларды жылу жинау үшін ел арасына шығару ісін ұйымдастырады. Бұл жұмыстыжүргізу тәртібін түсіндіретін түрлі нұсқаулар даярлап, губернияларғажіберілетін өкілдер тізімін анықтайды. А.Байтұрсынұлы комиссия атынан қазақхалқына үлкен үндеу мәтінін даярлап, оны «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясынаәкеліп, редактордан тезірек жариялауды өтінеді. Бірақ бұл үндеу мәтініжарияланбайды. Оны Ә.Байділдин (редактор) мынадай себептермен түсіндіреді:«Воззвание было какое-то тенденциозное. Оно значительно преувеличивалосостояние голода и не совсем правильно указывало на действительные причины,вызвавшие его (голод). В заключительной части воззвания был призыв к интеллигенции,ко всей лучшей части народа организованно выступить на борьбу против голода итут же указывались методы (мобилизация всей интеллигенции, повсеместный сборпожертвования, переброска их в голодающие районы и т.д.) борьбы. Так, подумав,я немедленно пошел к тов.Асылбекову (он тогда был секретарем обкома, членомкомисси помгола и членом редколлегии газеты «Энбекши казах»)… он взялвоззвание для ознокомления, и на следующий день сказал, что согласен непечатать его. Воззвание Байтурсынова осталось не опубликованным».
Бұл аса маңызды құжат, сол бір күрделі мезгілдің куәгері, жоғалыпкеткен еді. Ә.Байділдиннің көрсетуіне қарағанда, А.Байтұрсынұлы онда қазақжерін жайлаған аштықтың себеп-салдарына тереңірек тоқталады. Мұндай акцентбиліктегілерге ұнай қойған жоқ еді. Сондай-ақ бұл факті советтікбиліктегілердің алаштық зиялыларға сенбейтіндіктерінің, тіптен аштық салдарынанқырылу жолында тұрған халыққа көмек ұйымдастыру ісінде өздерінің тар партиялықмүддесін қоғам мүддесінен жоғары қойғанының көрінісі еді.
Бұл кездеалаштық зиялылар мен биліктегі партия арасында қоғамға ықпал үшін тайталасжүріп жатты. Үндеудің жарық көруі алаштық күштердің ықпалының арта түсуінеәсері болатынын түсінген партиялық басшылық мұндай тенденцияға жол бергісікелмеді.
С.Сәдуақасов пен М.Әуезов Кенжиннің, Мырзағалиевтың жәнеӘлібековтің (Әлиасқар) қолдауымен қазақ арасындағы аштықпен күресті күшейтетүсуге байланысты нақты шаралар белгілеген үкімет қаулысын даярлап, оны қабылдатып,ондағы қарастырылған шараларды іске асыру үшін губернияларға шығатын топтардыңтізімін бекіттіреді. Мәселен, Семей губерниясына – Әуезов және Досов; Ақмолаға –Кенжин және Төлепов; Қостанайға – Сәдуақасов т.б.
Қазақ үкіметі мен Қазақ орталық атқарукомитеті тарапынан қабылданған бұл шараларға сәйкес, мәселен, Қостанай жәнеСемей губернияларына барған өкілдерімен аталған өңірлерде билікте отырғанеуропалықтар арасында қарсыласу басталып кетеді. Оған себепші болған жағдай – жергіліктіуездік және губерниялық басшылықта отырған еуропалық қызметкерлердіңреспубликалық аштықпен күрес комиссиясы белгілеген шараларға құлақ аса қоймағаны,немқұрайдылық танытқаны. Ауыр аштық жағдайдағы Торғай уезіне келген С.Сәдуақасовпен М.Мурзин басым түрде еуропалықтардан құралған уездегі ревком мен оргбюронытаратып, оларды жаңадан құрып, оргбюроға Байменов, Ержанов және Юсуповтыенгізіп, ревкомға Қаржасовты төраға, мүшелікке Байменов, Ержанов, Юсупов жәнеБайдәулетовті бекітеді.
Губерниядағы басқарушы кадрлар құрамына жергілікті ұлттанКөшербаев, Сұлтанбеков, Масанов, Арыстанбеков, Чуланов, Майлин сияқты сауатты азаматтартартылады. Өкілдердің бұл шешімдерін Қостанай губкомындағы Шафет бастаған еуропалық қызметкерлер қазақұлтшылдығының көрінісі ретінде бағалап, С.Сәдуақасов пен М.Мурзинді жазалаудыталап етеді.
Шамамен осы мазмұндағы жұмысты Семей губерниясына өкілретінде барған М.Әуезов та іске асыруға күш салады. Өңірдегі ауыр жағдайдыөзгерту мақсатында ол ел азаматтарының басын қосқан жиналыстар өткізіп, аштықтытоқтатуға байланысты шаралар белгілеп, жергілікті кадр құрамында өзгерістержасайды.
Ел арасына арнайы тапсырмамен шыққан өкілдердің аштықтытоқтатуға, сондай-ақ губерниялық және уездік басқару аппаратындағыұлыдержавалық, шовинистік ұстанымды ауыздықтауға бағытталған бұл әрекеттеріреспубликалық басшылық тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Советтердің үшіншісъезінен соң Мырзағалиев, Мурзин, Әуезов және басқа қызметкерлер республикалықбасшылықтағы қызметінен босатылады. Міне, осы жағдайдың М.ӘуезовқаҚазақстандағы қызметінен кетуіне негіз болғаны байқалады.
1922 жылы қарашада ол Ташкентке келіп, «Шолпан» журналыныңредакциясына қызметке орналасады.
Осы мезгілдеҚазақстанда, оның мемлекеттік басқару жүйесінде, идеологияда, қазақ ұлтыныңқоғамдық санасына тағдырлы ықпалы болған мынадай өзгерістер жүріп жатты. Елдегісаяси билік мәскеулік орталыққа бүтіндей тәуелді партиялық басшылыққа ауысабастады. Республикадағы жетекші басшы қызметкерлерді анықтау ісі орталықтыңқұзырында болды.
Республика өміріне қатысты кез келген мәселе бойынша соңғышешім мәскеулік орталық қалағандай ұстаным тұрғысынан қабылдануға тиіс болды.Яғни бірінші күннен бастап орталықтандыру (централизация) ең жоғарғы деңгейдежүрді.
Жергілікті халықтан билікке тартылғандар бұл тәртіпкекөнуге, бой үйретуге тиісті болды. Тимофей Седельников (алғашқы үкімет – Қазақревкомының мүшесі – авт.) сияқты мұндай тәртіпке қарсы шығып, тіптен В.И.Ленинніңөзіне арнайы хат жолдап, өз елін басқару ісінде қазақтардың заңды құқынсыйлауды талап еткен басшылықтағы қазақ емес ұлт өкілдері «қазақ ұлтшылы» ретіндеайыпталып, сол арада жазалануға тиіс болды немесе Одақтағы басқа ұлттықреспубликаға ауыстырылды.
Қазақстанда қалыптасқан ауыр моральдық атмосферағабайланысты Қазақ ревкомының мүшесі А.Д.Авдеев пен өлкелік жер бөлімініңмеңгерушісі Н.Кулаков ревком төрағасы С.С.Пестковскийге жазған хатында мынадайпікірлерін білдірді (құжатты түпнұсқа тілінде беруді қош көрдік –авт.): «Встепи, среди киргиз, уже распространяются слухи, что в Ревкоме образовалось двепартии: одна – коммунистическая, стремящаяся захватать власть в Киргизии, идругая – националистическая, борющаяся с коммунистами, отстаивающая правакиргизского народа и стремящаяся передать власть киргизам и алашординцам».
Елдегі саяси жағдайға берілген бұл сипаттама негізсіземес-тін. Большевиктік басшылықтың ұлттарға өздерін-өздері билеуге байланыстыберген уәдесіне сенген қазақ басшылығы елдегі билікті өз қолына алуға тырысты,белсенділік танытты, бұл әрекет мемлекеттік басқару аппаратының барлық буынындабайқалды. Қазақ қоғамы тарапынан көрсетілген бұл ынтаны тиесілі дәрежеде жәнемағынада қабылдауға жаңа өкіметтік жүйе даяр болмай шықты. Тіптен мемлекеттікбасқару ісінде белсенділік танытып, қоғамдағы ұлыдержавалық ұстанымдарғақарсылық танытқан жеке тұлғалар партия және ОГПУ тарапынан қудалауға ұшырайтынболды. Қазақстан өмірінде байқалған бұл көріністің советтік басшылықтың ашық жарияеткен курсына үйлеспейтінін байқаған ГПУ офицері Фома Иванов «еуропалық жәнеқазақ басшылығының» өкілдері ретінде Ф.Голощекин мен С.Сәдуақасовқа жолдағанқұпия мәлімдемесінде «ГПУ тарапынан берілетін бірінші кезектегі оперативтіктапсырма қазақ жауапты қызметкерлері үстінен оларды қылмыскер ретіндекөрсететін материалдар жинау болып табылады» деп жазды.
Сонымен бірге орталық, әсіресе И.Сталин басқарған ұлт істері жөніндегі комиссариат алашордалықзиялыларға ұлт-азаттық ұстанымдағы күш емес, оларды бөліп-жармастан, Советөкіметіне қарсы әлеуметтік топ ретінде қарастырды. Алаштықтардың билікке қарсыболғанымен, қазаққа қарсы еместігі есепке алынбады. Совет өкіметі өзінің бұлбіржақты, қарабайыр қате ұстанымын соңғы күніне дейін өзгерткен жоқ.Қалыптасқан бұл жағдай таза пікірдегі барлық ұлт зиялылары тарапынан советбилігіне деген сенімсіздікке жол ашты.
Сонымен, советтік биліктің алғашқы қадамынан-ақ қалыптасқан бұлжағдай азаттық қозғалысқа атсалысқан ұлт оқығандарының Түркістанреспубликасына, Ташкентке ығысуына алып келді. М.Дулатұлы тергеушіге бергенкөрсетуінде өзінің 1921 жылы Ташкентке келгенде «Мұнда менен бұрын Қазақстаннанкеліп, қызметке тұрған бірсыпыра адамдар бар екен, көбі алашордашылар екен,осылардан білдім, Түркістанда Қазақстанға қарағанда қызмет етуге мүмкіншілікмол екен… Ташкентте сол кезде «отаршыл», «колонизатор» дегенсөзден жаман сөгіс жоқ. Ал Қазақстан орталығы Орынбордан келіп жатқан хабарларғақарағанда, онда керісінше, отаршылдық күшті, қазақ қызметкерлеріне қызмет етугееркіндік бермейді, партияға қазақтың бұрынғы шенеуніктері, тілмаштары,парақорлары көп кірген, солар орыстың отаршылдарымен қосылып, Кеңес өкіметініңұлт саясатын бұзып, өздерінікін жүргізіп жатыр» деген пікірдің кең тарағанынбаяндайды.
Осы көрсетуінде М.Дулатұлы Қазақстаннан келіп, Ташкенткежұмысқа орналасуға мәжбүр болған алаштықтардың біразының аты-жөнін атайды:Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, МырзағазыЕсболұлы, Мағжан Жұмабаев, Ғазымбек Бірімжанов т.б.
Сонымен, 1921 жылдың соңында Қазақ республикасынан Ташкенткебет түзеген М.Әуезов бір шындықты ашық түсінген еді. Партия совет қызметіндежүріп, бұл билікті ұлт саясатында алған әділетсіз бетінен жақын арада қайтаружеңілге түспейтінін, саяси билік ырқының қазақ қолынан тағы да сусып шығып кеткенін байқады. Алдыңғы аға буындағыА.Байтұрсынұлының көзі жеткен бұл шындыққа кейінгі буындағы М.Әуезовтің дебилікте араласа жүріп көзі жеткен еді. Ендігі уақытта ол ынта-жігерін іргелібілім алып, біржолата шығармашылыққа ойысуға бұрды.
Қазақ жерінде Совет өкіметінің билігі жарияланған 1920жылдан бастап ұлттық басшылықтың ішіндегі екі саяси ағым арасында бітіспесқарсыласу басталып кетті. Олардың өзара ымыраға келуіне мүмкіндік бермеген тақырыпжаңа советтік биліктің, анығырақ айтқанда мәскеулік орталықтың, Қазақ еліндежүргізіп отырған ұлт саясаты еді. Ә.Жангелдин, С.Меңдешев бастаған биліктегіаға буын Мәскеудегі орталықтың қаулы-қарарлары мен тапсырмаларын сол күйіндеорындауды қазақ қоғамы үшін ең тиімді жол санады. Олардың артында большевизмніңсоциалистік идеясына ешқандай да күмәнданусыз сенген С.Сейфуллин және саясиұстанымы тұрғысынан онымен идеялас тұлғалар тұрды.
Бұл ұстанымдағыларға Смағұл Сәдуақасов бастаған жоғарғыбилікке араласып немесе оған жақын жүрген жастар буыны қарсылық танытып, оларғаколлаборационистер (фр.collaboration) ретінде қарады. Қазақ басшылығында жүргенеуропалықтардың біраз бөлігін бұл топтағылар колонизаторлар есебінде бағалады.
Мәскеулік орталық, сондай-ақ алғашқы топтағылар екіншіұстанымдағылардың артында алаштық буын тұр деген ойда болды, шындығында, ондайемес-тін. Жастар советтік билікке белсенді түрде араласып, компартияның ұлтқатиімді уәделері мен жобаларын шындыққа айналдыру мүмкін деген сенімдеболды. Сонымен бірге жастар алаштықбуынның жер, мәдениет салаларына қатысты идеялары мен тәжірибелерін өзқызметінде пайдаланудан тартынбады.
М.Әуезов көзқарастық ұстанымы тұрғысынан жастар буынына,әсіресе С.Сәдуақасовқа жақын болды. Ұлт тақырыбы жазушының жолын осы қысылтаяңтарихи кезеңде Тұрар Рысқұлұлымен де тоғыстырған еді. Тұрардың таңғаларлық өміржолынан хабардар болуы М.Әуезовқа «Қараш-қараш оқиғасын» (1927 ж.) жазуға негізболған еді.
Т.Рысқұлұлының сирек кездесетін күрескерлік тұлғасы қаламгерзамандастарына ой салғаны белгілі. Мәселен, А.З.Валидовтың Т.Рысқұлұлы туралы «бір көргенде Рысқұловтыңмансапқор болып көрінуі ықтимал, ал шын мәнінде ол ондай емес» деген пікірінҒазымбек Бірімжановтан естігенін Міржақып Дулатұлы тергеушіге бергенкөрсетуінде жазып, ал 1921 жылы көктемде «Рысқұлұлы Ташкентке келді дегендіестіп, онымен кездесіп сөйлескім келді» деген ықыласта болғанын жасырмайды.
М.Әуезов Т.Рысқұловпен 1922 жылы 27 қаңтарда Орынборда өткенҚазақ облыстық партия комитетінің кеңейтілген пленумында кездеседі. Мәскеуденарнайы келген Т.Рысқұлов осы пленумда ұлт мәселесіне арналған баяндамамен сөйлейді.Баяндаманың түпнұсқасы сақталмаған. Қосымша материалдарға қарағанда, ондағынегізгі ой: Ресей – алып мемлекет, экономикалық-әлеуметтік және мәдени деңгейі,салт-дәстүрі әртүрлі халықтардан тұрады, соған байланысты оны бір орталықтан басқаружеңіл-желпі нәрсе емес, ондай әрекеттің түрлі қиындықтарға, тіптен қателіктергесоқтыруы әбден мүмкін, осы жағдайды ескере отырып советтік басшылық, мәселен,түрік халықтарына өз коммунистік партиясын, өз қызыл әскерін құруға рұқсатбергені жөн.
Т.Рысқұлов тарапынан жасалынған бұл ұсыныстағы өзекті ой –советтік басшылықты жергілікті ерекшеліктерін жақсы білмейтін Түркістан жәнеҚазақ республикаларында бастап кеткен реформалық шараларының күтпеген апаттынәтижелерге ұрындыруы мүмкін екенін ескерту еді.
Осы пленумның жұмысына қатынасқан Ә.Байділдиннің көрсетуіненмынадай жолдарды оқимыз: «… Проездом из Москвы в Ташкент в Оренбургеостановился тов. Рыскулов. Он делал доклад на собрании актива по национальномувопросу. Собрание было довольно многолюдное, в здании Обкома. Докладчик изложилизвестную тогдашнюю свою точку зрения. Он исходил от программы партии по национальномувопросу, рассказал сущность и значение ее, а затем своебразно толковал иразвивал ее. Из его толкований вытекало целесообразность организации особойвосточной компартии.
По оканчанийдоклада были по нему прения. В защиту положения тов. Рыскулова, кажется,выступали Ауезов, Нахимжан и др., а против – Айтиев,Саматов и один европейский товарищ».
Ә.Байділдинніңбұл көрсетуінде кейбір дәлдіктің жетіспейтіні бар, дегенмен баяндауда тарихишынайылықтың сақталғанын аңғару қиынға түспейді.
М.Әуезовөзіне ұстаз тұтқан А.Байтұрсынұлы 1923 жылы қаңтарда 50-ге келеді. Бұл датаныңсол тұстағы қазақ қоғамы, оның оқыған азаматтары үшін аса зор маңызын туратүсінген М.Әуезов 1922 жылы Орынбордағы досы С.Сәдуақасовқа арнайы хат жазып,бұл жағдайды тиесілі дәрежеде атап өтуге байланысты ой бөліседі. Өз ретіндеС.Сәдуақасұлы республикадағы партия басшысы Г.А.Коростелевқа ұсыныс-хат жолдап,А.Байтұрсынұлының 50 жылдығына байланысты үкімет шешімін шығаруды өтінеді.Партияның облыстық комитеті А.Байтұрсынұлының 50 жылдығы туралы мәселені қарап, «1. Совет органдары тарапынан бұлюбилейді ұйымдастыруға жол берілмесін. 2. Ал жеке тұлғалар тарапынан мерейтойдыатап өтуге қарсылық көрсетілмесін. 3. Мерейтойда советтік органдар атынансөйлейтін жолдастардың сөздерінің мазмұнына жауапкершілік Сейфуллин жолдасқажүктелсін» деген шешім қабылдайды. Жауапкершіліктің С.Сейфуллинге жүктелуі оныңүкімет төрағасы қызметіне байланысты еді.
М.Әуезовұстазының 50 жылдығына байланысты арнайы мақала жариялап, онда «Ахаңның ұлталдында істеген қызметі қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет.Істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш» деп жазды.
Белгілі әдебиеттерде А.Байтұрсынұлының 50 жылдығының аталыпөтілуіне байланысты жаңсақ пікірлердің орын алғаны байқалады. Осы реттежоғарыда аталған Ә.Байділдиннің көрсетуіндегі мынадай фактілерге назар аударғанартық емес. Ә.Байділдиннің көрсетуіне қарағанда, А.Байтұрсынұлының 50 жылдықюбилейін атап өтуді алдымен ташкенттік зиялылар, яғни С.Қожанов, И.Тоқтыбаевжәне басқа басшылық қызметтегі азаматтар көтереді. Жалпы, бұл істе ташкенттіказаматтардың жоғары белсенділік танытқанын А.Байтұрсынұлының Ташкентке арнайышақыру алғанынан, сондай-ақ «Ақ жол» газетінде осы датаға байланысты жарықкөрген материалдардан және юбилярдың атына көрсетілген басқа түрлі құрметтенбайқауға болады.
С.Сәдуақасов осы юбилейгебайланысты Орынборда белгіленген шарада баяндамашы ретінде бекітіледі.Салтанатты жиналысқа жиналған халық өте көп болып, залға сыймайды. Басым бөлігіоқудағы жастар еді. Жиналысты жүргізу К.Тоқтыбаевқа, Ж.Сәдуақасовқа жәнеБайділдинге тапсырылады. С.Сәдуақасовтың жасаған баяндамасы өте мазмұндышығады. Баяндамашы А.Байтұрсынұлының ағартушылық саласында атқарған еңбегін Қазақеліне мәңгі қызмет жасайтын зәулім де салтанатты сарайға теңеп, оны сақтап,ылғи да жетілдіріп отыру жас ұрпақтың қасиетті борышы екеніне тоқталады.
Осыжиналысқа қатысқан жазушы Ғалым Ахмедов ағайымыз 1989 жылы осы жолдардыңавторына мынадай жағдайды баяндағаны бар. Белгілі жазушы мемуарында залдаотырған рабфакта оқитын жастар баяндамашыға шикі жұмыртқа лақтырып, юбилярдыңатына айтылған мақтау сөзге қарсылығымызды таныттық деген ойды білдіреді. Ғалымағайымыз ондай фактінің залда орын алмағанын ескертіп, елмен бірге біріншіқатарда отырған Ахаңның әрбір қол шапалақтау сайын орнынан тұрып, бұрылыпкөпшілікке иіліп, алғысын білдіргенін әңгімеледі.
Ғалым ағайым айтқан тағы бір детальды оқырманға жеткізуартық болмас. 1923 жылы Орынборда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 30 жылдығы аталып өтеді.Оған жиналған жұрт жиналысты жүргізуді Ахаңа ұсынады. Сонда Ахаң «жоқ, ондайшешім әділетті болмайды, ұлы ақынға арналған кешті ұлы ақынның жүргізуіжарасымды болмақ» деп, жолды Мағжан Жұмабаевқа береді.
М.Әуезов1928 жылы Ленинградтағы университеттегі оқуын аяқтаған соң, Ташкенттегі ОртаАзия университетіне келіп, ғылыми жұмысқа орналасады. Президент архивінде ОртаАзия университетінің ректоры Б.Городецкийдің сол кездегі Қазақ өлкелік партиякомитетінің хатшысы Ф.Голощекинге М.Әуезовті қызметке алуға байланысты жазғанхаты, оған берілген жауап сақтаулы. Университет ректоры хатында М.Әуезовтіқазақ әдебиеті саласындағы ірі қызметкер ретінде сипаттап, дегенмен жазушыны қызметкеалуға кедергі болып отырған жағдай оның 1921 жылы белгісіз себептермен партияқатарынан шығып қалғаны екенін баяндап, университетке жұмысқа алуға Қазақстанбасшылығының келісімін сұрайды.
Қазақ өлкелік партия комитетінің үгіт-насихат бөлімініңқызметкерлері Мартыненко мен Оңғаровтың атынан жолданған жауап хатта Әуезовтіңкоммунистік партия қатарына кіргенге дейін Алашорда ұйымында болғаны, әдебишығармаларында буржуазиялық ұлтшылдық идеологиясын нақты білдіргенін, тек соңғыжылдары ғана бұрынғы бетінен қайта бастағаны туралы айтылады.
Қазақ өлкелік партия комитетінің жауап хатынан соң, М.ӘуезовОрта Азия университетіне қызметке алынады. Дегенмен М.Әуезовтіңалашордалықтармен және С.Сәдуақасұлымен идеялық байланысы, ұстанымдық жақындығыФ.Голощекин және ОГПУ тарапынан ұмытыла қойған жоқ-тын. 1930 жылы 1 қазандаАлматы қалалық партактиві жиналысында жасаған баяндамасында Ф.Голощекин негізгімәселе ретінде компартияның алашордалықтарға байланысты ұстанымына тоқталды.Осы баяндамасында Голощекин жоғарыда аталған II жалпықазақстандық советтерсъезінде қатынасқан қазақ коммунистерінің М.Әуезовтің төрағалығымен өткенжиналысын «Байтұрсынов, Әуезов ж.б. басшылығындағы тек қазақтардан тұратынконтрреволюциялық астыртын ұйымның» жиналысы ретінде атады (26). Ф.Голощекинніңбұл айтқан пікірі Ташкентте жүрген М.Әуезовті осы жылдың 8 қазанында ОГПУтарапынан тұтқынға алып, Алматыға жеткізуге негіз болған еді.
1931 жылы 21 желтоқсанда даяр болып, Қазақстандағы ОГПУбастығы міндетін атқарушы Хворостян мен оперуполномоченный Попов қол қойып,ОГПУ жанындағы прокурор бекіткен №2370 екінші «Алаш ісі» бойынша айыптауқорытындысында М.Әуезовқа жоғарыда Ф.Голощекиннің айтқан ойымен үндес мынадаймазмұндағы айып тағылды: «Айыпталушы Әуезов Мұхтар Қазақстандағы партия жәнесовет органдарындағы отаршылдықтың көріністерімен күрес деген желеумен астыртынқұпия ұйымның тапсырмасына сәйкес, оның белгілеген шараларын іске асырудабелсенділік танытты. Орынборда өткен Қазақстан советтерінің 2-съезінде олкоммунистер мен партияда жоқ ұлтшыл делегаттардың тек қазақ бөлігімен жиналысөткізіп, осы жиналыста отаршыл күштердің шабуылға көшкені және олармен күрес түріжөнінде сөз болды. Әуезовтің «отаршылдықпен» күрестегі жақын серіктері –астыртын құпия ұйымның мүшелері Сәдуақасов пен абақтыда отырған айыпталушыОмаров Әшім. Сәдуақасов сәтсіздікке ұшырап, партиядан шығып қалу қаупі төнгендеӘуезов оған Ташкентке кетіп, одан әрі ферғаналық басмашыларға барып қосылутуралы кеңес берген. Ал бұл кезде ұлтшылдардың Ташкенттегі құпия ұйымыныңбасмашыларымен өзара байланысы болды».
Осы ретте Ф.Голощекинніңтікелей араласуымен М.Әуезовқа байланысты қойылған айыптаудың астарында жатқанмақсатқа тоқталуға тура келеді. Голощекин (Шая Ицкая), әрине, алаштықтұлғалардың қайсысын болсын соттап, жазалауға жақын тұрды. Бұл ретте олИ.Сталиннің қолдауына сүйенді, тіптен оның тапсырмасын орындаушы жендет рөлінатқарды. Қанға құныққан құзғындар сияқты ол М.Әуезовті абақтыға жауып,сындырып, сол арқылы өзінің ымырасыз жауы – С.Сәдуақасовты жауапқа тартып,кезінде қазақ саяси басқарушы тобы алдында Вайнштейн, Ярославский (Губельман)және өзі сияқты көлденең көк аттылар үшін кек алудан үміттенді. Голощекин дежәне оның ОГПУ-дегі сыбайластары да өз мақсаттарына «міне, енді жетеміз» дегенкүйде болды. Көп ұзамай ол дегеніне жетті де. Ол жымысқы, адамгершілікке жат,жауыздық жолын таңдады. Мәскеудегі теміржол транспорты институтын бітіргенС.Сәдуақасовты Қазақстанға да емес, Орта Азия өңіріне де емес, Донбасстағытеміржол құрылысына жіберді. Әдейі көзден таса, жат ортаға. Сонда жүрген Смағұл«суық тиді» деген диагнозбен Мәскеуге, Кремльдегі ауруханаға жеткізілді.Ауруханаға түскен ол тез арада, түсініксіз жағдайда көз жұмады. Смағұлдың өлімітуралы оның жары Елизавета Әлиханқызы Сәдуақасова «оны жай ғана өлтіре салдығой» деген астарлы пікірде болды. Бұл пікір шындыққа тіптен де қайшы емес-тінжәне ол жоғары білікті дәрігердің қойған диагнозы еді.
Жоғарыда аталған партактив жиналысында Голощекин ұлт-азаттыққозғалыс қайраткерлеріне байланысты үлкен өшпенділікпен ашыла және ашынасөйлеуі, әрине, жайдан-жай емес-тін, бүкіл қазақ жері көлемінде советтікреформаға қарсы халық көтерілістері жүріп жатты. Елде жаппай аштықтың белгісікөріне бастады. Мемлекет өмірінде орын алып отырған бұл трагедия үшін кімніңжауап беретіні үлкен мәселеге айналған сәт болатын. А.Байтұрсынұлы,С.Сәдуақасов, М.Әуезов және басқа абақтыда отырған алаштықтарға социалистікқұрылысқа байланысты сәтсіздіктерді үйіп-төгуі де соған байланысты еді.
Ф.Голощекиннің абақтыда отырған М.Әуезов пен Ә.Ермековтенбиліктегі партиядан кешірім өтініп, мәлімдеме жасауларын талап етуі Қазақстандағытрагедияны алаштық зиялыларға аударып салу әрекетінің бір ұшығы еді. 1932 жылы10 маусымда «Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарықкөрген М.Әуезовтің мәлімдемесі, онда сол уақытқа дейінгі шығармашылықта,сондай-ақ қазақ әдебиеті тарихын зерттеу ісінде ұстанған бағыты «қате» болғанытуралы мәжбүр болғаны Әуезов өмірінің ең басты драмасы еді.
М.Әуезовтің бұл мәлімдемесін тарихи факті ретінде, басқа даалаштықтардың трагедиялы тағдырымен байланыста түсінген жөн.
М.Әуезовөткен ғасырдағы советтік билік тарапынан алаштық буынға жасалған қиянаттан аманқалған бірлі-жарым тұлғалардың бірі болды. Дегенмен жазушының көрген жәнебілген құқайы мұнымен аяқталған жоқ-тын. Совет өкіметі, оның идеологиялықаппараты соңғы күніне дейін алаштық буынға қазақ жері мен елі үшін ымырасызкүресін қалай кешіре алмаса, сол мінезін М.Әуезовқа да көрсетіп отыруданжалтарған емес. Басқаша айтқанда, коммунистік билік партияда жоқ жазушыға басымтүрде саяси тұлға, қайраткер ретінде қарады, оның шығармашылығына, қызметінеосы тұрғыдан баға берді.
М.Әуезовқа байланысты Совет өкіметі тарапынан қалыптасқанмұндай ұстанымның себептері бар-тын. Біріншіден, жазушы шығармашылығымен де,сондай-ақ нақты практикалық қызмет тұрғысынан да қазақ ұлт-азаттық қозғалысыжағында болды, оның көрнекті тұлғаларының біріне айналды. Екіншіден, советтікбилікке Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Тұрар Рысқұлұлы сияқты оппозициялықкөзқарас және ұстанымдағы тұлғаларға қолдау көрсетті, олармен жылы, достық қатынастаболды. Бұл айтылғандарға қосымша, үшіншіден, ол соңғы деміне дейіншығармашылығы арқылы ұлт өмірінің өзегі – ұлттық болмыс пен санаға қызмет жасады,оларды ояу және таза ұстауға шақырды.
М.Әуезов өміріне қатысты тағы бір ескеретін жағдай –жазушының өмірі оқиғалар мен өзгерістерге соншалықты тығыз және мазмұндыболғанымен, ұзақ болды деп айтуға кемейді. Осы ғұмырында ол саяси бақылаумекемесі назарынан тыс қалған емес. Бақылау мекемесіне өзі ортасында жүрген«достары» да қосылып отырудан тартынбады.
Д.Қонаев естелік кітабында Ғылым академиясында президенттікқызметте жүргенде сол кездегі партия басшысы Ж.Шаяхметовқа есеп бере барғанында,ғылым саласындағы жағдайды егжей-тегжейлі әңгіме еткен басшының «Әуезов қазірне істеп жүр?» деген сұрау салып, артын ала сұрауына өзі жауап беріп, «Сыртестуімше, Әуезов те сирақтан бүйрек шығарып, бір басына ие бола алмай жүргенкөрінеді. Баяғы әуенге басып бұрынғы қателіктерін қайталай бастапты.Қазақстаннан іргесін аулақ салып, біржолата Мәскеуге көшіпті» дейді. Партиябасшысы сөзін «Әуезовті академиктер құрамынан аластау керек» деген пікіріментүйіндейді. Бұл, шамамен, 1953 жыл болса керек.
Д.Қонаев 50-жылдардың алғашқы жартысындағы қазақзиялыларының, солардың қатарындағы М.Әуезовтің де басына түскен дүрбелеңгебайланысты жасаған тұжырымын «Байталтүгіл, бас қайғы болған осындай дүрбелеңде ел ағалары аттанға ұран қосыпотырғаны, әрине, өкінішті-ақ еді» деген сөзбен аяқтайды.
М.ҚОЙГЕЛДИЕВ,академик