Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:31

Мадуро сот ісі бойынша шығындарды өтеуге қаржысы жоқ екенін айтты

Мадуро
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тағы сот Николас Мадуро ісі бойынша сот шығындарын кім төлейтіні туралы мәселені қарастырып жатыр.

Нью-Йорктегі тыңдауда судья істі қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтатпайтынын мәлімдеді. АҚШ санкцияларына байланысты Венесуэла үкіметі шығындарды өтей алмайды, ал Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес жеке қаражаттары жеткіліксіз екенін айтқан.

63 жастағы бұрынғы президент қаңтар айынан бері АҚШ-та қамауда отыр. Оған «наркотерроризм», кокаин тасымалдау және қару-жараққа қатысты бірнеше ауыр айып тағылған. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

Алдын ала тыңдаулар жалғасуда, келесі сот отырысының күні әзірге белгіленбеген.

Тегтер: