Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:09, 14 Ақпан 2023

Мағжанның белгісіз өлеңі

None
None

Мағжан – қазақ сөз өнерін тар асудан, тайғақ қиядан өткізген қайталанбас айрықша тұлға.

Мағжан – қазақ ұлтының ғана емес, өзінің тұсында алты алаштың, қала берді, түркі нəсілді бүтін қалың жұрттың поэзиясына өзгеше жаңалық əкелген ұлы ақын. Жаратқанның өзі дарытқан асыл дарынының арқасында ол орысша əрі жəдитше терең білім алған, Батыс пен Шығыс əдебиетін аса жетік білген ұлы Мағжан – қазақ поэзиясының шын мəніндегі реформаторы болды.

Жиырмасыншы жылдардағы сауатты əдеби сынның Мағжан өлеңдеріне жоғары баға бергені белгілі. Жұртшылық оның поэзиясы туралы келісті сөз айтқан Жүсіпбек Аймауытұлының тамаша əдеби сын мақаласын жақсы біледі. Өз тұсында ақын шығармалары жөнінде Мұхтар Əуезовтің, Сұлтанбек Қожанұлының, Ыдырыс Мұстамбайұлының да ықыласты, əсерлі пікір- лер айтқаны мəлім.

1924 жылы «Қазақ ақындары» атты айдармен «Мағжан» деген əдеби сын мақала Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің 420-санында жарияланады. Оған қоса газет бетінің дəл ортасына ақынның үлкен фотосуреті басылады.

Авторы көрсетілмеген бұл көлемді мақала өзінің əділ бағасымен, терең білгірлігімен, тұшымды ойларымен ерекшеленетінін атап айту керек. «Мағжан» атты əдеби сынның енді ғана табылғанын, əлі ғылыми айналымға түспегенін еске түсіріп, қазақ əде- биетінің тарихы үшін керек дүние деп, осы мақаламыздың өн бойында одан біршама үзінді келтірмекпіз. Өйткен себебі, бұны жазған сыншының салмақты ой, салиқалы сөз иесі екенін аңдадық. Мəселен, ақын өлеңдері туралы: «Абайдан соңғы шыққан ақындардың тілдері аса дөкір болған жоқ. Бəрі де шамаларынша ысылған əдеби тілмен жазатын болды. Бірақ соңғы ақындардың ішінде өлеңге тəтті күй, нəзік сезім, майда тіл тудыру жағынан Мағжаннан артық қызмет істегені жоқ. Мағжан өлеңдерінің оқушының сезімін де, ойын да тəрбиелейтін өзгеше артық күші бар», – деп жазады белгісіз автор қазақтың жазбаша поэзиясына қысқа ғана шолу жасай келіп.

Көзі тірісінде ақынның үш қана өлеңдер жинағы шыққан еді.

Ақталғаннан бергі уақыт ішінде үш поэзиялық кітабы, кейіні

рек толық күйіндегі болып есептелетін үш томдық шығармалар жинағы да жарық көріпті. Біз Мағжанның осы кітаптардың ешқайсысына енбей қалған белгісіз бір өлеңіне: Жырларында Күнге табынып, Күнді биіктетіп отыратын ақын, енді оның күңіреніп батып бара жатқанын айтып, оқушысының сезімін селк еткізіп, ойын он саққа жүгіртіп, дегбірін кетіреді.

Желбіреген желегі, Дүңгірлеген шелегі, Келіншек көлге барады. Желкілдеп қамыс желектей, Көл қалғыған бөбектей Бетін жарға соғады.

Желдің қоңыр күбірі… Іңірі құрсын, іңірі,

Көзге ыстық жас толады, –

деп суреттейді ақын бұдан ары. «Іңірі құрсын, іңірі» дейді түңіліп. Демек, өлеңдегі «Іңір» жай ғана іңір емес, ғаламат бір қорқынышты түн басып келе жатқанын, ақырзаман болмаса да, ақыры сұмдық қараңғылық түсіп келе жатқанын аңдататын ерекше символ болуға тиіс.

Келіншек шешіп кебісін, Батырды суға шөмішін, Шимай ойнай жүгірді. Су құйылды шелекке,

У құйылды жүрекке, Бір қоңыр үн төгілді.

Келіншектің жүрегінде у құйылған бір қайғы бар. Ол не қайғы?

Оны білмек үшін алдымен мынаған тоқталып алайық. Жоғарыда айтылған əдеби сынның иесі Мағжанның өлеңдеріндегі ойды тербететін, адамның ішкі күйіне күшті əсер беретін «сыр- шылдық белгісі жаратылыс һəм əйел туралы жазған өлеңдерін- де ашық көрінеді» деген пікір айтыпты. Ары қарай: Əйел туралы жазған өлеңдерінде Мағжанның сыршылдығына тоқталмақпыз.

«Іңірде» деп аталатын тоғыз шумақты бұл өлең – алақұйын заманда, қиямпұрыс қоғамда тіршілік кешкен ұлтшыл Ақынды большевик үкіметі мұз басқан қиыр солтүстікке айдауға жіберіп, ал өзінің баға жетпес еңбектерін өртеп, жыртып жоғалтқан уақытта да, қалған шығармасы алпыс жыл тар зынданда жатып қайта келген бүгінгі күні де сол асыл қазынаның үңірейген орнын толтырып, жоғын түгендей алмағанымен, соңында қалған өлеңдерінің кез келгенінен олқы түспейтін классикалық дүние болып есептелмек. 1924 жылы «Сəуле» журналында басылған бұл өлең өзінің ішкі құрылымымен аса ерекшелене қоймайды жəне ақынның осы сипаттағы бірнеше өлеңіне де ұқсап тұрғаны анық. Өлеңнің басталуынан-ақ Мағжанның қолтаңбасына тəн сөз өрнегін аңғаруға болады.

Амандасып өріне, Кіреріне көріне Күңіреніп Күн жетті. Сұр бұлтпен бүркеніп, Өлгенше өртеніп,

Көк жүзіне қан септі.

Қас қарайды, балқып Ай, Жыртылған жұқа шырпыдай Бұлт ыдырап тарады...

Сонымен, өлең табиғат, жаратылыс жайында екен. «Жаратылыс туралы жазған өлеңдерінде оқушы өзінің жаратылысындағы көретін анық бар сипаттарын Мағжан өлеңдерінде ашық көреді һəм сұлулыққа лайық болуға мүмкін деген фантазияның іздеп табатын əдемі сипаттары да Мағжан өлеңінде көп кездеседі, оқушының сезіміне əсер беріп, қиялын шарықтатады», – деп жазады «Мағжан» мақаласының авторы. Дəл аңғарған. Бірақ өлеңді біраз ғана оқығанның өзінде бұл суреттің əншейіндегі қызыл іңір емес, өлгенше өртеніп, көк жүзіне қан сеуіп, көріне күңіреніп жеткен Күннің өзгеше, басқаша батысы екенін көресіз жəне онымен қабат əлденедей бір алағызу бар екенін, бір қорқыныш келе жатқанын да жан дүниеңізбен сезбексіз. Əсілі, Мағжан өлеңдерінде «Күн» деген сөз өте жиі кездеседі. Поэзиясында «Күнге ғана бағынам», «Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар», «Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем» деп асқақ пафоспен айтылған өлең жолдары бар екені мəлім. «Ай» сөзі де аз ұшыраспайды. «Күміс нұрлы Ай», «Айға» сияқты жырлары тағы бар. Бірақ «Іңірде» өлеңіндегі Күн мен Ай бұл жолы басқа сипатта екенін байқамау мүмкін емес. сипатының үсті не өлеңінің ішкі мақсатында, көздеген идеясында да зор күш бар» деп бөлек түйінделген байлам жасайды. Бұл тұжырым осы «Іңірде» өлеңіне арналғандай-ақ əсер қалдырады. Сонымен мұндағы ішкі мақсат, көздеген идея не? Жас келіншектің жал- ған əлемге жария етпей отырған қайғысы да осы мақсатпен, осы идеямен өте тығыз өріліп отырған секілді.

Бұл іңірдей қоңыр əн,

Бір мұңды жан шығарған.

«Елім-ай» деген бір əн ғой, Күліп жатыр көл-бөбек, Сыңсып отыр келіншек, Қаптай берді қоңыр ой...

«Елім-ай» əнін ХVІІІ ғасырдың басында жоңғардың жойқын шапқыншылығының кесірінен қазақ ұлты үш есенің екеуінен (Шəкəрім) айырылып, «ақтабан-шұбырынды» деген жан апатқа ұшырап, елдің басына қиын қайғы түскен кезде шығарылған əн деп білеміз. Міне, осы əнді Мағжан жас келіншекке айтқызады… Əйел образы бейнеленген өлеңінде ақын белгілі бір ішкі мақсат көздейтінін білдік. Келесі əйел жаңағы қайғыны келіннің мінезі қатты, қатыгез енесі болып шығады:

Ауылы түскір тиіп тұр, Енесі түскір тыста жүр, Естілді оған «Елім-ай»:

«Қоңыр іңір бейуақта – Біздің əлгі бетпақ па – Күңіренген қай сұмырай?»

«Кім болушы еді? Сен ғой қар! Өлмес пе күліп күң мұндар?!, Күңіренші енді, көрейін!

«Елім-айлап» қар неме! Ұмытылмас елі бар неме! Бетіңді бетпақ тілейін!..»

1923 жылы-ақ Жүсіпбектей аса білгір əдебиетші Мағжанның көп өлеңдерінің ішкі рухында Озбыр ене-сентиментализм, романтизм, ал сыртқы түрінде символизм басым екенін аңғарға-

нын білеміз. Бұл пікірдің қарастырылып отырған өлеңге де қатысы бар. Сөйтіп, символист ақынның «Іңірде» өлеңіне зер сала қарап отырып, оның астарында не жатқанын аздап аңдауға болатын сықылды.

* * *

Көзі тірісінде ақынның үш қана өлеңдер жинағы шыққан еді. Ақталғаннан бергі уақыт ішінде үш поэзиялық кітабы, кейіні- рек толық болып есептелетін үш томдық шығармалар жинағы

да жарық көрді.

Біздің мақаламыздың мақсаты – Мағжанның осы үш томдық- қа енген кейбір өлеңдерінің текстологиясы жайынан азғана сөз айту еді. Оның ішінде де тек Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінде 1923–1925 жылдар аралығында басылып, түпнұсқа бо- лып есептелетін кейбір өлеңдерінің кейін қате оқылып, бұрма- ланып кеткеніне көз жеткізгесін, бірді-екілі түзету келтірмекпіз. Бұл ретте біз сол «Ақ жолдан» алынып, үш томдығына (І-том,

«Білім» баспасы, 1995 жыл) енген мəтіндермен салыстырдық.

Əуелі «Əже» деген өлеңді алайық (191-бетте). Бірінші шумақтың 6-жолы: «Көрінбес беті қылшықтан» емес, сол «Ақ жол» газетінде «Білінбес беті қылшықтан» деп анық жазылған; «Ты- йылып біраз шолжақтан» емес, «Тыйылып біраз шолжықтан»;

«Ұмытып əжем кетеді» емес, «Ұмытып əжең кетеді»; «Тоқтайды сонда жөтелі» емес, «Тоқтай қалад жөтелі»; «Ал кіріссе ер

текке» емес, «Ал кірісті ертекке»; «Жылқышы» өлеңінің (193-б.)

тоғызыншы шумағындағы 2-жол «Есі кетіп жығылып» емес,

«Есі кетіп шешініп»; «Жердің жұмырлығы» атты өлеңді алайық (198-б.). «Мынаны қалай жүптейміз» емес, «Мынаңды қалай жүптейміз»; «Құласаң құлап жатасың!» емес, «Құласаң, құлап жатарсың!»; Мұнымен қатар осы өлеңге жөнсіз «түзету» де жасалыпты: 3-ші, 4-ші шумақтардың үйлесімді жолдары қисынсыз тармақтарға бөлінген, жинақты құрастырушы екі адамның сөзін диалог түрінде бергісі келген, бірақ соның кесірінен өлеңнің логикалық мағынасы бұзылған. Қараптан-қарап отырып түпнұсқадан ауытқыған.

Түпнұсқадағы диалог былай:

Домалай ма, домалайд! Құламай ма, құламайд! Бұл осымен болды ма?.. Тоқтат мынау шіркінді! Басы жұмыр пенде енді

Жерді де жұмыр қылды ма?

– Жоқ, ата! Жағырафия… Міне, сізге тақия...

Сенбеуіңіз жарамайд. Домалай ма, домалайд! Құламай ма, құламайд! Тап солай домалайд!

«Алатауда» атты циклді жырдың 3-ші өлеңінің тақырыбын

«Қоқи мен қартоз» емес, «Қоқи қартоз»; жəне ең бастысы – осы циклдің «Тоқпақ пен соқпақ» деген өлеңі, неге екені белгісіз, кітапқа енбей қалыпты. Ол өлең мынау:

Қоқилап, қырғыз, кезесің Алматы, Пішпек, Тоқпағың. Сіміріп сарттың көжесін, Солбырап, қырғыз, кезесің. Кетіпті өшіп, шөп өсіп, Жортатын таңда соқпағың! Қоқилап, қырғыз, кезесің, Таптап па ең Тоқпақ тоқпағын?

Бұл бір ғана кемшіліктер.

Сөз соңындағы күрмеуіміз мынадай: Мағжан шығармалары түпнұсқамен салыстырылып, текстологиясы арнайы тексерілуі керек.

Тегтер: