Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
«Мемлекет басшысының Өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылған болатын.
Мағзұм Мирзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Тұран университетінде (халықаралық экономист), Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында (халықаралық экономист) және Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде (мұнай және газ кен орындарын игеру) білім алған. АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.
Жұмыс тәжірибесі:
2001 жылдан 2004 жылға дейін – Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MI Drilling Fluids International (Schlumberger) бұрғылау ерітінділерінің инженері.
2004 жылдан 2007 жылға дейін – бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, өндіріс менеджері – MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы.
2007-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.
2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы директоры.
2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
2022 жылғы қаңтардан сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2022 жылдың сәуірінен - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
2023 жылдың желтоқсанынан – KAZENERGY қауымдастығының төрағасы
2024 жылдың мамырында Мағзұм Мирзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті.