Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:51

Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Мәлік Әбдіқадыров
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімі бойынша Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігі хабарлады.

Мәлік Әбдіқадыров «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде құқық магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолында облыстық прокуратурада қызмет атқарған, ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдарды иеленген. Сонымен қатар Ирактың Басра қаласындағы «Лукойл-Оверсиз» компаниясының «Батыс Курна–2» жобасына қатысқан. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің табиғи монополияларды реттеу саласындағы департаментін басқарған.

2020-2024 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болған.