Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:53, 22 Маусым 2020

Мамин Парламент отырысында есеп берді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Парламенттің қос палатасыдепутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы жәнеэкономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Үкімет басшысы мұнайғаәлемдік бағаның төмендеуіне және сыртқы экономикалық конъюнктураның нашарлауынақарамастан, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының соңғы 6жылдағы ең жоғары өсімі – 4,5 пайызға қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар өсімнің 85пайызы шикізаттық емес салаларды дамыту есебінен қамтамасыз етілді.

Экономика өсімінің негізгі драйверлері — өңдеу өнеркәсібі (4,5пайыз), құрылыс (12,9%), көлік (5,1 пайыз) және сауда (7,6 пайыз) болды.Негізгі капиталға cалынған инвестициялар 8,5 пайызға, оның ішінде жекеинвестициялар 9,5 пайызға өсті. Сыртқы сауда айналымы $97 млрд дейін өсті,сыртқы сауданың оң сальдосының өсімі $19 млрд құрады. Инфляция жоспарланғандәліз шегінде 5,4 пайызды құрады. Еңбек нарығында тұрақтылық сақталды.Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз болды. Ең төменгі жалақы 1,5 есе өсті. 

Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1,7пайызға төмендеді. Бұл ретте экономиканың негізгі салаларында өсім қамтамасызетілді. Тауарлар өндірісі 4,8 пайызға артты.

"Қазіргіжағдайда Үкіметтің негізгі міндеті – экономика өсімінің оң қарқынына шығу үшінқажетті жағдайларды жасау. Ол үшін еліміздегі әлеуметтік-экономикалықтұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатыр", — дедіМамин.

Үкімет басшысы төтенше жағдай кезіндеэкономиканы тұрақтандыруға және хлықты қолдауға бағытталған жедел әрі шұғылшаралардың 2 топтамасы (биылғы 23-30 наурыз аралығы) қабылданғанын атап өтті.Әлеуметтік әлжуаз топтарға қаржылық көмек көрсетілді, оның ішінде қажеттідәрі-дәрмектермен және азық-түлікпен қамтамасыз етілді, банк несиелері бойыншатөлемдер уақытша тоқтатылды, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеумерзімі кейінге шегерілді. Дағдарыс жағдайында жеке сектордың тұрақтылығынқамтамасыз ету үшін ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеу және бизнесті ауқымдыынталандыру шаралары қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шараларымен осыжылдың соңына дейін 1,2 млн-нан астам азамат қамтылатын болады. Жұмыспенқамтудың жаңа жол картасы аясында 6,5 мыңнан астам жоба іске асырылады. Бұл 255мың жұмыс орнын ашуға және инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтікинфрақұрылымды жаңғырту арқылы өңірлерде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуғамүмкіндік береді. Бизнестің жол картасы экономиканың аралас салаларында 100 мыңжаңа тұрақты жұмыс орнын құруға негіз болады.

Үкімет 2020 жылға арналған Экономикалық өсімді қалпына келтіружөніндегі кешенді жоспарды әзірлеп, белсенді түрде іске асыруда. Ол іскерлікбелсенділікті ынталандыруға, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын қолдауғабағытталған нақты салалық шараларды қамтиды. Кешенді жоспарды іске асыру үшін Парламентқысқа мерзімде заңнамаға шұғыл түзетулер топтамасын қарастырып жатыр. 

«Жаңаэкономикалық шынайылық орта мерзімді перспективада елдің сапалы әрі тұрақтыдамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатқа түбегейлі өзгерістердіенгізуді талап етеді», — деп атап өтті Мамин.

Тегтер: