Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 03 Қараша 2023

МӘМС жүйесіне тіркелмегендерге медициналық қызметтерді алуға тыйым салынбақ

opennews.kz
Фото: из opennews.kz

Алдағы уақытта МӘМС төлемейтіндерге медициналық қызметтер алу кезінде шектеулер қойылуы мүмкін, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, МӘМС төлемейтіндерге дәрігерге жазылуға, белгілі бір медициналық анықтамаларды алуға шектеулер қойылуы мүмкін. Министрлік мұндай идеяны халықаралық, соның ішінде ресейлік тәжірибеден алып отырғандығын айтты.

“Бұл тек ұсыныс ретінде жасалды. Ұсыныстар мемлекеттік органдарда, қоғамда, парламентте талқыланады. Атап айтқанда, бұл шектеулер халықаралық тәжірибе аясында зерттелді. Германия, Нидерланд, Ресей сияқты елдерде бұл тұрғыда тиісті шектеулер қарастырылған. Сондықтан аталған елдерде азаматтардың жауапкершілігі ескерілген, оның ішінде айппұлдар да қарастырылған. Егер адамдар сақтандыру жүйесіне қосылмаса, әлем елдерінде қандай да бір қызметтерді алуға шектеу жасау тәжірибесі бар. Соның арасында жүргізуші куәлігіне қатысты мемлекеттік қызметтерді алмайды. Бізде көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау сынды бағыттарда осындай шектеулер талқыланып жатыр. Яғни денсаулық саласы бойынша тікелей мемлекеттік қызметтер ескерілген”, – деді вице-министр сенат отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Сұлтанғазиев бұл өзгерістің әлі нақты қабылданбағанын, оның әлі талқылау барысында екенін, бұл әзірге ұсыныс ретінде қарыстырылып жатқанын мәлімдеді.

"Қазір бұл мәселе талқылануда. Мәселе пысықталғанша күтуді ұсынамын. Медициналық қызметтерді алу, оның ішінде белгілі бір анықтамаларды алуға қатысты болуы мүмкін. Талқылау қорытындысы бойынша толығырақ айтып береміз деп ойлаймын", – деп сендірді вице-министр.