Мамырдың соңына дейін індетті 4000 адам жұқтыруы мүмкін (видео)
<span style=«font-family:Roboto, sans-serif, » font-size:14px;"="">Коронавируске қатысты елдегі ахуалды баяндаған еліміздің санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова індеттің шарықтау шегіне жеткенін айтты.
<span style=«font-family:Roboto, sans-serif, » font-size:14px;"="">«Қазақстанда коронавирустің шарықтау шегі өтіп жатыр. Аурудың таралуын наурыз, сәуір, мамыр айларында байқаймыз. Болжамға сәйкес, сәуір айының соңына дейін 2700 науқас, мамыр айының соңына дейін 4000 мың жағдай тіркеледі деген есеп бар. Біздің алдымыздағы қазіргі міндет – науқастар өсімін 5 пайызға дейін, одан кейін 1 пайызға дейін түсіру. Коронавируспен аурудың тұрақтанғаны немесе төмендегені туралы тек ел ішінде жаңа науқастар мен байланыс арқылы ауру жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеген жағдайда ғана және емделіп жатқандар саны жаңадан анықталған науқастар санынан көп болған кезде ғана айтамыз», – деді бас санитар онлайн-брифингте.
<span style=«font-family:Roboto, sans-serif, » font-size:14px;"="">Коронавирусқа қатысты мақалаларды мына жерден оқи аласыздар.