«Мәңгілік әкім»
Даниал Ахметов деген мәңгілік әкім 1995-1997 жылдары Павлодар облысының әкімі болып бастаған мәртебелі қызметін премьер-министр, Қорғаныс министрі, т.
б лауазымды қызметтермен жалғастырып, (арасында біршама жыл жоғалып кеткенін қоспасақ) әлі күнге дейін тұғырдан түспей келеді.
ШҚО-ның әкімі ретінде ұзааааақ отырды, тағы қанша жыл отыратынын Құдайдың өзі білмей қалған сияқты.
Хош… шалқалап туған ай секілді, өзіне жайлы, халыққа жайсыз креслосында шалқалап отыра берсін, отырмасын, дегенмен бізді кім тыңдайды.
1995-2023 жылдар… қазақ айтатын табаны күректей 28 жыл өтіпті...
Кімнің есінде не қалды, айтыңдаршы… осы ағамыздың атқарған жұмысынан «халық үшін, мемлекет үшін...»
Мен есіме ештеңе түсіре алмай отырмын… ұмытшақ болып кеткенмін бе, қартайып қалдым ба… білмедім.