Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:05, 14 Қыркүйек 2023

Маңғыстаудағы Торыш тастары ұрланып жатыр

None
None

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында  тастардың ұрланатынын қазақстандық блогер Әсет Мурзабаев көрсеткен болатын

Маңғыстау облысындағы ерекше Торыш тастарын ұрлап, қиратып жатыр. Бұл туралы сенатор Бекбол Орынбасар айтты.

Сенатор Бекбол Орынбасаров тастар орналасқан аймақтың туристік әлеуеті зор екенін атап өтті. Мұндай  табиғи «шарлар» әлемнің санаулы елдерінде ғана бар. Олардың барлығы осы табиғи байлықтың туристік әлеуетін барынша пайдаланып жатыр.

«Өкінішке қарай, Торыш алқабындағы ерекше тастар сияқты табиғат сыйларына немқұрайлы қарағандықтан, оларды ұрлап кетеді. Кейбір дәмхана, мейрамхана иелері, ауқатты азаматтар бұл тастарды өз аулаларында әшекей ретінде пайдаланады», — деді сенатор.

Депутат атап өткендей, қазіргі уақытта бұл тастардың мәртебесі нормативтік құжаттармен бекітілмеген.

«Сондықтан, әсіресе кейбір азаматтар осы тастарды сатуды қолға алды. Осыған байланысты Торыш алқабын ерекше қорғалатын табиғи аумақ деп танып, оны Маңғыстау облысының туристік бағытына қосу маңызды», — деді ол.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы әйгілі Торыш алқабында  тастардың ұрланатынын қазақстандық блогер Әсет Мурзабаев көрсеткен болатын.

Тегтер: