08:33, 02 Мамыр 2020
Мақтаарал ауданында Фирдауси ауылын су алғаны хабарланды
2 мамырда таңертең Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Фирдауси ауылының тұрғындары Азаттыққа хабарласып, ауылды су басып жатқанын айтты.
Өзін Нуриддин деп таныстырған адам ауыл тұрғындарының түн ішінде басқа жаққа қашып жатқанын жеткізді.
Тұрғындардың Азаттыққа жіберген видеосында жол жағасында әртүрлі көліктер тұрғаны, әйелдер мен балалардың трактор тіркемесінде отырғаны көрінеді. Тағы бір видеода ауыл маңын су басып жатқаны байқалады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев 2 мамырда таңертең Мақтаарал ауданындағы төрт ауыл: Жаңа тұрмыс, Нұрлы жол, Жеңіс ауылдарынан 5500 адам эвакуацияланды, қазір басқа елді мекендерді көшіру жағын қарастырып жатырмыз деп мәлімдеген.
Жаңалық толықтырылады.