08:22, 02 Мамыр 2020
Мақтаарал ауданында Фирдаусиді су басқаны хабарланды
2 мамырда таңертең Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Фирдауси ауылының тұрғындары Азаттыққа хабарласып, ауылды су басып жатқанын айтты.
Атын Нуриддин деп таныстырған адам ауыл тұрғындарының басқа жаққа қашып жатқанын жеткізді.
Тұрғындардың Азаттыққа жіберген видеосында жол жағасында көп техника тұрғаны, тұрғындардың трактор кузовына мініп алғаны көрінеді. Тағы бір видеода ауыл маңын су басып жатқаны байқалады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев 2 мамырда таңертең Мақтаарал ауданындағы төрт ауыл: Жаңа тұрмыс, Нұрлы жол, Жеңіс және Сардоба ауылынан 5500 адам эвакуацияланды, қазір басқа елді мекендерді көшіру жағын қарастырып жатырмыз деп мәлімдеген.
Жаңалық толықтырылады.