Мақтаралдағы игі істер
Топан су басқан Өргебас, Фирдаусиауылдарында 500-ден астам тұрғын үй салынуда
Түркістан облысының әкімі ӨмірзақШөкеев Мақтаарал ауданында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысыментанысты, деп хабарлайды аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысыӨргебас, Фирдауси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының сапасымен танысып,тұрғындарымен кездесті. Мақтаарал ауданындағы жағдай алғашқы күннен мемлекетназарында екені мәлім. Су тасқыны салдарын жойып, ауданның күнделікті тіршілігінқайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданып, қираған үйлердің орнынажаңа тұрғын үйлер салынуда.
4 мыңдай халық мекен еткен екі елдімекендегі 500-ден астам баспана толығымен бұзылып, қайта салынып жатыр. Субасудың салдарынан зардап шеккен әр үйдің құрылысына мемлекеттен 17 млн теңгебөлінген-ді. Тұрғындар оны 4 бөліп алуда. Құрылысы жүріп жатқан үйлердіңқабырғалары қаланып, шатыры жабылып жатыр. Екі ауылға 2 мыңға жуық жұмысшыжұмылдырылған. Әлеуметтік нысандар жөнделіп, инфақұрылым қалпына келтірілуде.Асфальт төсеу жұмыстары елді мекендегі тұрғын үйлердің құрылысынан кейінжүргізілмек.
Дәурен Қайыр