Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:55, 14 Қараша 2019

Марғұлан АҚАН. Жатбауыр

Осы әңгіменің жалғасын сені сүйіп тұрып жазғым келеді, Алматы. Мүмкіндік бер...

Баспалдақты басып көтерілгенсайын аяғыма салмақ түскендей ауыр сезімді бастан кешем.

Дәл осы иістің дәмібар секілді. Тілге салсам кермек дәм шығатындай, мұрнымды басып болмасатыныстамай өтуге тырысам. Дәл осы иісті иіскеп келе жатқаныма бір жыл болыпты. Көзалдымда көздері мөлтілдеген бойжеткендер, баласын құшақтап әуре-сарсаңға түсіпжүрген аналар, жаулығын қайта-қайта басына орап әлек боп жатқан әжелер.Жанардың ішінде қарашық артына тығылып тұрған үмітті көрген сайын өмір сүргімкеледі. Неге екенін білмеймін, өмір үшін күрестің қандай екенін осы әйелдердіңжанарынан анық көрдім, сезіндім.

— Балам, Шамалғанда тамыршы бар екен. Соған барайық. Сенмені алып бар. Жарай ма?

— Шеше, тамыршы дегені несі.Қай ғасырда өмір сүріп жатқанымызды білесіз бе? Қалаға барамыз. Алматыда арнайыорталық бар. Емделу керек сізге.

— Базардағы келіншектер соланау химия дегенді алма, ол қауіпті, сені өлтіретін де сол деп жатыр.

— Құдайым-ау, осы базардағыкеліншектердің бәрі не біледі өзі. Неге соларды тыңдауға құмарсыз. Меніңақылымды тыңдасаңыз, болды ертең жолға шығамыз.

Қанша тартыстық, қанша айттық,ақыры анамыз жеңді. Медицинаға сенбей, айдалада қолдың тамырын ұстап диагнозайтатын тамыршы ағамызды үйін бетке алып шығып кеттік. Есіктен кірген беттежасы елуден асқан, жүзі солғын, ақшыл келген егде адам қарсы алды:

— Ассалаумағалайкум!

— Уағалайкумассалам!

— Алыстан іздеп келіп отырмыз.Анам сырқаттанып қалып еді. Дәрігерге емес, сізге келемін деген соң ертіпкелдім.

— Түсіндім.(күлді) Жоғарыкөтерілейік.

Баспалдақтарды басып отырыпекінші қабаттағы жеке кабинетке кірдік. Әр жерде шөптер шыланған банклер тұр.Медициналық жабдықтары да бар. Тамыршы мені есік жақтағы орындықта отыратұруымды сұрап, анамның оң қолын, дәл білезік тұсын айналдырып, күре тамырданұстап бірер минут отырды.

— Кеудең ауыра ма?

— Шағып ауырады.

— Асқазан ше?

— Бұрыннан бар.

— Жауырын тұс та ауырады ғой.

— Иә. Түнімен ұйықтатпайды.

— Қанша уақыт болды?

Анам тамыршыға бір, маған бірқарап бір нәрсені жасырып қалғысы келгендей жәутеңдей қарады. Оған ендігіжасыратын ештеңесі қалмаған-ды.

— Екі жылдан асып кетті...

— Кеш қалдың деп дөп басуғаболмайды. Емдеуге болады. Дәрілер берем, арасын созбай, кешіктірмей ішіп тұрукерек.

Басымды төмен изей беріппін.Ақыры тамыршының айтқан болжамына сеніп, бір жылда аурудың беті бер қарайтындайқылдық. Анам үйге кетті, мен Алматыда қалдым.

Арада көзді ашып жұмғанша үшайға жуық уақыт өте шықты. Әр апта сайын тамыршының есігін қағып, дәрі тасуменсынаптай сырғып түскен сағат тілдеріне есеп жоқ. Осы уақыт ішінде анамыздыңжағдайын білу үшін үйге екі рет қана барсам керек. Сырттан қараған адам үшінқатыгез, жатбауыр секілді болармын. Шындық солай. Алайда, әр адамның басындабізге беймәлім, құпия болып, томаға тұйық жататын сыр болады. Ол мұңға бастайма әлде жұмбақ бір әлемге тартып әкете ме, оны тек сол тағдырдың иесі біледі.Қалғаны тек болжам мен тон пішу ғана.

Қу тірлік пен қаланың бітпейтіншаруасын сырып, ақыры бір күні үйге баратын сәт те туды. Бірнеше сағат өтті декетті. Ауылға кіре бергенде сол баяғы күйбең тіршілік деп тыныстап жатқанадамдардың қарасы көрінеді. Қызыл да жасыл жарқыраған жарықтар жоқ. Керісінше,түнекке, үмітсіз бір майданға бастайтын жүздерді көремін. Бәрінің амалы текжақсы өмір сүрсек, қалада оқып жатқан бала мен немеренің көңілін табу,қатарынан қалдырмаудың қамы ғана. Әйтпесе, өздеріне қарап жүргенде, дәл осыкартинаны әр келген сайын көре бермейтін бе едім...

Есік ашыла салып ағалапалдымнан шығатын қос қарындасым, бауырына басатын әкем, құшағына қысатын анамбар. Дәл осы бір сәтті қайталай беру үшін уақытты тоқтатып қойғым-ақ келеді.Әттең, тіршілік үшін күресте бұл керемет кездің естелік болып қана қала беретініойлаған сайын жүрекке ауыр тиеді.

Оянып кеттім. Сағат тілі түнгібір жарым. Үйде ары-бері қозғалған жүріс, ентіккен дыбыс естіледі. Орнымнанқалай атып тұрғанымды білмеймін, ас үйге кірсем анамды құшақтап, арқасынмыжғылап жатқан әкемді көрдім. Осы уақытқа дейін дертімен күресіп жүргенадамның дәл бұлай ауырып жатқанын өз көзіммен көргенім осы екен. Кеудемненжаным шығып кететіндей, көзім бақырайып, бір орында қаттым да қалдым. Некөмекке ұмтыла алмадым, не бірдеңе деп сұрай да алмадым. Қалаға барғалы өзімдібұл үйде бөтен адамдай сезініп кеткелі қашан. Таңғы беске дейін біздің үйдіңжарығы сөнген жоқ. Қозғалған адамдардың көлеңкесі әлденеге аласұрып жүргенінайқындап тұрғандай. Таңғы жуық көзі ілінген соң барып, бәріміз қайта ұйқығажаттық. Ертесі ерте оянып, үйдегілермен түндегі жағдайда ақылдастым. Ақыры біршешімге келіп, анамды келесі апта Алматыға алып келетін болдым. Үйде екі-ақ күнаялдадым. Асығып бара жатқан, күтіп отырған бала-шаға жоқ, тек кетуге, Алматығажетуге асығып тұрамын. Жатбауырлық деген осы болса керек...

Бұл қала мен үшін әлемдегі еңсұлу әрі ең әдемі, ең керемет жанды күлкімен, қуанышпен, шаттықпен қарсы алуыкерек еді. Олай болған жоқ. Керісінше, шамдары сөнбейтін кешкі Алматының Әуезовкөшесімен жүйткей келіп тоқтаған таксиден арқалаған сөмкесі мен пакеті барбейбақ ана аңдып басып түсіп жатыр.

— Құлын, мен келдім. Сенқайдасың?

— Жолдамын. Бізде кептеліс.Қазір жетемін.

— Жақсы күтемін.

Кептеліс деп айтуға үйренгенауыздың күйетін кезі бар ма?! Кешігетін кештердің жөні бөлек, бұл жолғыкездесудің жөні бір басқа болатын. Сонда да салқынқандылық танытып, таксидекеле жатырмын. Он бес минутқа кешігіп келіп, қос көшенің қилысында, жан-жағынаүрке қарап, кімнен пана сұрайтынын білмеген күйде тұрған анама көзім түсті.Бала күнімізде біз үшін қорған, алынбайтын қамал секілді көрінетін анамның баласекілді алаңдап, қорғаушысын күтіп тұрған адамдай өзін-өзі әрең ұстап тұрғаныналыстан көріп тұрмын. Лезде жолдың ар жақ бетіне өтіп, бетінен сүйіп,сөмкелерін алдым да үйге қарай беттедім. Жолай әңгіме айттық:

— Қалаға кіргеннен бастап басымауырып кетті. Қайта-қайта тоқтап, жүріп жатқан көліктерден бас айналады.

— Біз соған үйреніп алдық.Бізге бұл қалыпты жағдай.

— Адамдар бір жаққа асығатынсекілді ғой?

— Иә, мұнда тіршіліктоқтамайды. Бәрі сол күнкөріс қамын жасап жүр.

— Шаршадың-ау?! Жұмысың қалай?

— Шүкір. Орнымен жүріп жатыр.Алаңдамаңыз. Үйдегілер қалай?

— Бәрі жақсы. Қарындастарыңсені қашан келеді деп сұрай береді.

Осы сөзді жиі естимін. Тек мәнберіп, көңілімді салған емеспін. Бала ғой, олар не білсін деген оймен кейінгеысырып тастайтынмын.

— Келеді деп қуантып қойыңыз.Білесіз ғой, бізде жұмыс, таңнен кешке дейін уақыт жоқ. Әрең босаймыз.

— Жарайды. Мен осында ағаңныңүйінде боламын. Сен не істейсің?

— Мен үйге барайын. Жұмыстарым бар. Реттеп алған соң,таңертең ерте келем. Ертең ерте тұрып, тексеруден өтуге барамыз.

Анам ағамның үйінде қалып, менөзім жалдап тұрып жатқан Алматыдағы пәтеріме такси ұстадым.

Мектептен бастап университетқабырғасында да жүрген кезде осы бір онкологиялық институт дегенге көзім жиітүсіп жүретін. Іштей қандай ғимарат? Мұнда адамдар не істейді? Не тексередіекен деп қана топшалап жанынан өте шығатынмын. Дежавю дейтін ұғым бар еді. Дәлсол алдымнан шыққандай сезімде, бүгін дәл осы институттың есігін аштым.

Ішке кіре салған кезде алғашмұрныма келген иістен денем түршігіп кетті. Ауруханаға барған кезде мүңкіптұратын дәрі мен уколдың иісін жақсы білемін. Тек бұл иістің әсері мүлде басқа.Бірінші қабаттағы дәлізде кезекте тұрмын. Кіріп-шығып жатқан адамдардың қарасыөте көп. Сағат әлі таңғы сегіз жарым кезі. Науқастардың дені әйелдер. Бойжеткенқыздарды да көрдім. Анамды ішке кіргізіп жіберген соң шеттегі орындықтаотырмын. Дәл қасымда жасы алпысқа жақындап қалған әже мен басына ақ орамалтартқан қыз отыр. Қыздың  жасы ары кетсежиырма бесте болар. Тіпті одан да жас көрінеді. Ішіме қорғасынның салмағындайой мен сұрақ қатар түсті: Бұл қыз не істеп жүр?

Өзгенің әңгімесін тыңдап қойғанқұлақта жазық жоқ шығар. Тыңдап отырып ішім езіліп кетті. Әжеп деп отырған адамосы орамал тартқанқыздың енесі. Анығы ендігі келіншек. Баласымен отауқұрғандарына енді екі жыл толады. Тұңғышын дүниеге әкелген соң жас келін ауырабастаған. Шымкенттің шалғай ауылынан келген әжемнің айтуынша, баласы келіндіертіп ауылдағы бақсы- балгердің бәріне барған. Емделеді, жазылып кетеді дегенсөзге сеніп арада бір жылды өткізген. Алматыға келуге, емделуге ақша жетпейдідегенді сылтау қылған баласы қалаға барып-келіп жұмыс жасайтын болып шықты.Қазірдің өзінде әйелімен бірге келе алмаған күйеуі жұмыста, қолы босамайды-мыс.Ал әжемнің келініне қойып отырған диагонздан адам шошиды. Бір жылға кешігіпкелген жас келіннің дерті төртінші кезеңнің ең қауіпті түріне өтіп кеткен.

Осы әңгімені сырттай тыңдапотырып, шешемді ойладым. Қандай диагноз қояды екен? Біздің де кешігіпкелгенімізге екі жыл болды. Анау жас келіннің күйеуі салғырт қараған солдүниеге менің де мән бермегенім бе? Миымда төңкеріс жасап жатқан ойлардан шығаалмай кеттім. Кабинеттің есігі ашылып, анамның солғын тартқан жүзі көрінді.Мені шақырып жатса керек. Ішке кірдім. Дәрігер қабылдады.

— Бұл кісі сізге кім?

— Шешем.

— Түсінікті. Қазір жоғарыкөтерілесіздер. Бас дәрігерге барып, жағдайды түсіндіріп беріңіз. Содан кейін барыпорын алу жағын қарастырамыз.

Есіктен не түнеріп шығарымды,не көңілді шығарымды білген жоқпын. Ешқандай ойдың жетегіне кетпей, күлімдепшықтым. Анама қарап «бәрі жақсы» деген ым білдірдім. Жоғары көтеріліп келеміз.Баспалдақтар артта қалып, үстіге шыққан сайын бағанағы жағымсыз иіс мұрнымарқылы басыма шапты. Көзім қарауытып, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Анамдыжетектеп бас дәрігерге келдім.

— Тыңдап тұрмын?

— Біздісізге жіберді. Мынауқағаздары...

— Хорошо.

Бас дәрігер қағаздарды қарап шықтыда  жанында тұрған қағазардың бірі алыпқаламмен біреңделерді белгілей бастады.

— Мына жерде он түрлі анализ тапсыру керек. Мен белгілепқойғанның бәрінен өтесіздер. Ну, пока!

Жазылған тізімдегі сөздердіңбірін де түсінген жоқпын. Тек бәрінен өтіп шығу керегін білем. Сыртқа шығып,дәрігер көрсеткен мекен-жайға бардық. Не керек күні бойына көрсеткен тізімдегібарлық нұсқаулықты орындап, ертесі таңертең ерте қайта келдік.

— Ну, что такое? Я же сказала, бәрінөтуге. Уақытымдыалмаңдаршы!

Ештеңе түсінбей қалдым. Ызамныңкелгені өтірік емес. Алайда, анамның өмірі осылардың қолында екенін ендітүсіндім. Сондықтан бірдеңе деуге асықпадым. Қалып кеткен анализдерден өту үшінтағы кешегі жерге бардық. Тағы тексеруден өттік. Қаланы жақтырмағаннан емес,үйден алыс шығып көрмеген анамның үйін, қыздарын, күйеуін сағына бастағанынайтпаса да сезіп жүрмін. Дәл осы бір жапырақ қағазды көтеріп Алматыда бір аптауақытты кетірдік. Ақыры барлық тексеруден өткен соң, бас дәрігер бір рет болсынкүлімдеп қарсы алып, бізге қарайтын дәрігерді белгілеп берді.

— Сәлеметсіздер ме!

— Сәлеметсіз бе!

— Анаңыз осында қалады.Ертеңнен бастап алты кезеңнен тұратын химияны қабылдайды. Кешігіп келгенсіздер.Дегенмен біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

— Түсіндім. Химияны көтере аларма екен?

— Шыдау керек. Басқа жолынкөріп тұрған жоқпыз.

— Операция жасатуға болмай ма?

— Сіздер қызықсыздар. Осылайадамдар келеді, еще операция сұрайды. Айналайын-ау, сен мамаңның тісінжұлдыруға келген жоқсың. Ракпен күресуге келдің! Оның өзінде анаңның жағдайымәз емес. Үшінші кезең, ең қауіпті түрлерінің бірі...

«Рак» деген сөзді оп-оңай айтасалды. Түсінесіз бе, ол сезінген де жоқ. Ол жай ғана ол дерттің қандай екенінбетіме баса салды. Мендегі амал тек осы сөзді, осы жауапты көтеру ғана еді.Ендігі дәрігердің сөзін көтермеу не боқтап жатса да қарсы келуден пайда бар ма?

Қалада жүрсем де, оқыдым,білдім ғой дегеннің өзінде химия терапия дегеннің қандай болатынын енді көрдім.Адамның өмірін неге күл-талқан қылып жіберетін де сездім. Тамырдан бойға қарайтарайтын бір бөтелке судың денені күйдіріп, сүйекті сырқыратып жіберетінін байқадым.Анам осында төрт күн жатты. Алғашқы күндері ештеңе сезіне қоймаған ол бесіншікүні қиналып бастады. Ұйқысы қашып, өзін әлсіз сезінгенін айтты. Мендегі сөзбіреу-ақ: шыдаңыз, маған керексіз...

Жатбауыр ұлдың ендігі ойықандай? Қалай қарай бағыт алады? Осы уақытқа дейін жұмыс деп тек ақша табуды,жақсы өмір сүрудің жолын іздеген баланың, ата-ана үшін ақша мен сыйлықтыңешқандай құны жоқ екенін түсінді ғой. Оларға керегі қастарынан табылу, жанындаболу, ең болмағанда бір көрініп, амандығын айту екенін кеш түсінгендей ме...

Бәріне уақыт емші дейтінадамдар, уақыт емдемейтінін түсінсе екен. Бұл жарықыраған әлемде, шамдарысөнбейтін қалада бәрі жақсы болғанымен, сүйіспеншілік пен махаббаттан адақалған пенденің ұзаққа бармайтыны белгілі болды. Біз «тас қала», «суық қала»деп өзімізді жұбатуға ұмтыламыз. Біз тек ауылдағы өмірдің тыныш һәм жанғайжайлы екенін еске аламыз. Шындығында, екеуінің ортасында күре тамыр болыптұрған сүйіспеншілікті, оған махаббат қаны керек екенін ұмытып кетеміз. Біз жайғана оны ұмытып кетеміз.

Арада бір ай өте шықты. Шешемкезекті екінші химиясына келді. Күтіп алуға бүгін ерте келдім. Көліктен түскенанам бұл жолы басына жаулық тартып келіпті. Ештеңе байқаған да жоқпын. Үйгекеліп, сөмкелерін қойғаннан кейін мен жұмысқа кеттім, ол кісі қалды. Арамыздадиалог та болған жоқ. Баласының жұмыс деп кеткенін түсінді. Ал мен сол жұмыстыөзім үшін емес, анамның еміне кететін ақшаны табу үшін жасап жүргенімді кімсезеді, кім түсінеді? Кереғар екі ой. Ақтап алу, жұбату ғана.

Үйге келдім. Анам жуынып жатыр екен.Көзім шет жақта үстелдің үстінде жатқан, кешегі тағып келген орамалға түсті. Жуынатынбөлмеден шығып, кіріп келген анамды көріп тұрып қалдым. Жып-жылтыр басты көргенкезде… Мен бұл суретті, мен бұл әсерді тек кинодан көретінмін не естіпжататынмын. Тек менің өмірімде қайталанады дегенді елестетіп көрген емеспін.Анамның ұялғанын көзінен көрдім. Лезде барып орамалды басына тағы жатып жылапжіберді. Не дейді? Не деп ақталуы керек еді? Кімге шағым айтады? Тағдырға маәлде маған ба?

— Сен көрмей-ақ қойсаң депедім...

— Шеше, қойшы! Сізге керегіқазір шаш емес, денсаулық. Емделіп шығасыз, бәрі қалпына келеді. Бәрі жақсыболады.

Басқа не деуім керек еді?Жатбауыр ұлдың одан артық бірдеңе дейтіндей құқы бар ма еді? Шашының қалайтүскенін көрмедім, алғашқы сезімін сезінген жоқпын. Әйел үшін шашынан айырылыпқалудың қандай қасірет екенін еркек басыммен қалай түсінейін… Үнсіздік.Есіктен шығып, онкологияны бетке алдық.

Дәл осылай алты кезеңдіаяқтадық. Химия бітіп, мен де анам да бір жеңілдеп қалғандай болдық. Алайда,дәрігерлер соңғы шешімді басқаша шығарды. Әлі де екі кезең керек және бұл жолыауыр болатынын ескертті. Салымыз суға кеткен адамдай үйге қайттық. Анамдыауылға таксиге отырғызып жібердім. Жол бойы Алматының көшесін кезіп келем. Неістеп жүрмін? Жалпы бұл қаланың маған көрсететін қуанышы қайда? О баста осы бірқаланы аңсап, арман қуып келген едік қой. Арман қайда, мен қайдамын?

Арада бір апта уақыт өтті.Телефон шыр ете түсті. Таңғы сағат жеті кезі. Әкем екен. Жүрегім зәр түбінежетті. Алсам ба екен, алмасам ба… Таңда хабарласып тұрғандары несі? Не айтуымүмкін деп ойланып отырып, жасыл батырманы басып жібергенімді байқамай дақалдым.

— Қалайсыздар?

— Шүкір. Анаң химияға бармаймындеп отыр. Не істейміз?

— Мен не істей аламын. Көндіріңіз. Бәріміз көңілінтабайық. Басқа амал бар ма еді?

— Сен ғой қалада жүріп ештеңекөріп жатқан жоқсың. Анаң күн сайын нашарлап барады. Тіпті жүруден де қалды.Көтере алмай ма деп қорқамын.

— Қайтемін енді айтыңызшы. Осығандейін жеттік, ендігі оның тағдыры сол онкологияға қарап тұрған жоқ па, әке!

— Жақсы. Хабарласам!

Телефон тұтқасы қойылды. Ойданшаршадым. Жаман ойлай беруден шаршадым. Іштегі қайғымды кімге айтып шертарқатамын. Бұл қала кімді аяп, кімді бауырына басып еді? Бәрінің жұмысы,бәрінің өз тіршілігі бар. Дәл қазір маған жай ғана қасымда отырып, ішімдегінтыңдайтын адам керек болды. Ерте тұрып, көше кезіп кеттім. Қанша сағатжүргенімді білмеймін, айналама қарасам өзіме таңсық бір райондамын. Қаңырапжатқан көшенің бойында жалғыз жігіт қолында ұстаған қағаздары бар, маған қарайбеттеп келеді.

— Аға, алыңыз!

— Рақмет!

Қолыма ұстатып кеткен қағазда«Емделіңіз» деп жазылып тұр. Оқып шықтым. Шетелде ауыр дертке шалдыққанадамдарды емдейтін орталық бар екен. Соған қазір жеңілдік жүріп жатқан секілді.Қу ақша, ақыры денсаулық үшін де жеңілдік жасайтын болған ба! Қалтамдағы бесжүз теңгені алып шығып, әбден мыжғылап алдым. Күніміз де, өмір сүру жолымыз даосы бір жапырақ қағазға қарап қалғанын білдік пе екен… Әсіресе, басқа түскенқиындықты шешу үшін өте көп мөлшерде керек екенін білеміз бе… Түнеріп тұрғанкөк аспанға қарап, не жыларымды, не күлерімді білген жоқпын. Тек қол жайып,ауылда жатқан анам үшін дұға тіледім. Бетімді сипап, алақаныма қарадым. Бұлалақандардың шамасы қай жерге дейін барады? Не шешеді? Басқа түссе баспақшылболған дүниенің ауыр күндерін кешіп жатқан қаладағы тіршіліктің үміті текақшада ғой. Өмір сүру үшін емес, күнделікті нанын табу үшін де ақша керек.Ойланып тұрып, көшенің қарсы бетіндегі «Олимп» деген жазуға көзім түсе кетті. Ойданбұрын, аяғым ерте қозғалды. Қолымдағы бес жүз теңгенің жетпейтінін білем.Телефонды алып, картамдағы ақшаны қарадым. Елу мыңнан көп ақша тұр. Арам ойдыңжетелеп бара жатқанын қарашы, сол елу мыңды салып, бес жүз мың қылуға әрекететпек болдым. Ішке кірдім. Түнек. Әр жерде отырған адамдарға көзім түсті.Өмірімде Олимпке өзім болып кіріп тұрғаным осы екен. Менімен жасты, менен кішітіпті әкеммен қатар ер адамдардың отырғанын байқадым. Ешкімнің жанарынан от неқуаныш көрген жоқпын. Тірі өлік секілді қолдарына ұстаған қағаздарына бірқарап, экранда кетіп жатқан ойынға бір көз салып отырғандары болмаса, басқашаештеңе көрмедім. Кассада отырған қызға, соңғы үмітпен қарадым. Сырттай сырбермесе де, іштей сол қызға осы менің соңғы үмітім, соңғы елу мың теңгем екенінайтып, анамды құтқарып қалу үшін жеңіс тілеші дегім келіп тұр. Ал сағызын созашайнап, маған бір үңілген қыздың жанарынан тек ақшаның табын көрдім. Саналытүрде ешқандай шешім жасап жатқан жоқпын. Картамды алып шығып едім, біздетерминал жоқ, ақшаны шығарып келіңіз, дәл қасымызда банкомат бар, деді. Құдай-ау,қандай жақсы адам еді. Әдетте, көше бойында сұраққа жауап алмақ түгілі, тоқтапназар салмайтын қыздың тәтті сөздері картамда тұрған елу мыңды қалай алудыңқамын жасап жатыр ғой. Иә, дәл осының бәрін сезіп, біліп тұрмын, бірақ аяғыменді мені далаға сүйреп шығарды. Банкоматтың жанына келдім. Алдымда өзімменжасты жігіттің ақша шығарып жатқанын көрдім. Құлағында телефон:

— Иә, мам. Ақшаны қазір шығарыпжатырмын. Апарып төлеймін. Алаңдамыз! Осыны жапсам, оқуымды ары қарайжалғастыра беремін. Болды, телефонды қойдым.

Менің көңілім енді сол жігіткеауды. Банкоматтан қып-қызыл бес мың теңгеліктен бір алақан толатындай ақша алыпшықты. Жартысын төс қалтасына, жартысын шалбарының оң жақ қалтасына салды дамаған бір қарап үркіп кетті. Жанымнан өтіп, мен қазір ғана шыққан Олимпкекірді. Мен де тездетіп картамдағы ақшаны шығардым да оның артынан ішке кірдім. Көзалдымда анасына оқу ақшасын төлейтінін айтқан жігіт, жаңағы қалтаға салғанақшаны алып, кассаға келді. Мен оның көлеңкесі секілді аңдып тұрмын. Бәстігілді. Қолына қағазын алды да анау жерге барып отырды. Мен соның қасындатұрған орындыққа жайғастым. Не үшін отырмын? Не іздеп келдім өзім де білмеймін.Қасында бір сағаттай отырдым. Осы бір сағат ішінде мен жігіттің жеті атасынанбоқтап, бәрін қарғап жатқанын да, бір жылап, бір күліп отырғанын да көрдім.Тіпті телефонына келген хабарламаға да жауап берген жоқ. Екі көзі қолындағықағазда және экранда жүріп жатқан бәсте. Кенет орнынан атып тұрып, кассағабарып, енді қалған төс қалтасындағы ақшаны тікті. Мен әлі бақылап отырмын.Қайтып жаңағы орынға отырды. Кассадағы қыздың жүзі енді күлімдей бастады. Көзалдымда шағын кино жүріп жатыр. Мен әлі бұл киноға актер ретінде кірген жоқпын,тек көрермен ретінде қарап отырмын. Тағы жарты сағат отырдым. Жігіт орнынантұрып, қағазды қоқысқа тастады да шешесін бір боқтап есіктен шығып кетті. Арасыбір жарым сағат ішінде жігіт кем дегенде бес жүзмың теңгені қағазбен біргеқоқысқа тастай салды. Мен қолымдағы елу мың теңгеге бір, есіктен шыққан жігіткебір, қоқысқа одан кейін кассадағы мені тағатсыздана күтіп отырған қызға бірқарап әлі отырмын. Ұйқымнан оянған адамдай, лезде есімді жиіп алдым. Далаға атыпшығып, Олимп деген жерден мың шақырым алысқа кетіп қалуға тырыстым.

Адам барлық мәселені тез шешугетырысады. Оған дейінгі қателікті өзі жасайды, бірақ зардабын көрген кезде жеңілжолмен ләззат алғысы келеді. Ал өмір оған көнеді дейсіз бе? Кеше ғана ауылдаата-анасының қасында бәс тігу түгілі, мұрын боғын әрең сүртіп жүрген дәл жаңағыжігіттей, тепсе темір үзетіндер қалада осы бір жеңіл әлемнің әлегіне түскеліқашан. Санамдағы сілкініспен жүгіріп үйге келдім. Анама хабарласып жағдайыпсұрадым.

Арада екі ай өте шықты. Анамсоңғы екі химиясын да алып, онкологияда ем алып жатыр. Бір жыл ішінде әбден етөліп кеткен мен күнделікті әдетпен ұйықтап жатқам. Қоңырау шыр ете түсті. Бөтенномер. Көтердім:

— Қалайсыз? Онкологияға келесізбе, анаңыз құлап қалды.

Маңдайымнан шыққан суық тер,менің үйден киініп, онкологияға жеткенге дейінгі аралықта қатып үлгерді. Екіөкпемді көтеріп, анам жатқан кабинетке келдім. Қаумалаған адам жүр. Төскетежатқан шешеме жақындадым. Өңі қашып кеткен. Маған қараған жанарынан аяушылықкөрдім. Мені құтқаршы, мені осы жерден алып кетші, балам дегендей ойды оқыдым.Бұл жүректің әлі қалмады. Бұл өмірдің де мәні қалмағандай ма… Ұйықтапкеткенін күттім. Бұл жолы орамалын басына тартпаған. Ұялатын ештеңесі қалғанжоқ. Құдайға керегі сұлулық емес, күрес екенін ол да мен де сездім. Далағашықтым.

Алматының жарқырап тұрғантүніне үңіліп, жаяу үйге қайттым. Айналамда күлген жастардың үні. Қос ғашықтыңсыры. Қалада күнін көре алмай қиналып жүргендердің дауысы еміс-еміс құлағымаестіле бастады. Артыма бұрылып, онкологияның терезесіне үңілдім. Жарық жаныптұрған бөлмелердің ішінде көрінген көлеңкелерге ұзақ қарадым. Кенет басындағыорамалын шешіп тастаған, анамның қасында жатқан әйелдің терезеге келіп тұрғанынбайқадым. Мен дәл осы терезе жақтауында тұрған әйелдің көзінен бәрін көрдім.Мен сол әйел арқылы дәл осы онкология ішіндегі басқалардың да, анамның да күйінсезіндім. Мен алысқа көз тастап тұрған жанардан ауылға деген, отбасына дегенсағынышты байқадым. Мен өлімнен қорқып, өз басы үшін күресіп жатқан адамдыемес, отбасы үшін күресіп жатқан әйелді көрдім. Көзіме тамшы жастың қалайкелгенін байқамай да қалыппын, қайта бұрылып жолыма түстім.

Ауылдан арман қуып қалағакелетін жастардың дені өздерінің жатбауыр болып кеткенін байқамай қалады.Шамдары сөнбейтін, есігін жаппайтын түнгі әлем кеше ғана ауылдан пәк күйіндекелгендердің сүйіспеншілігін, махаббатын ұрлайды. Ұрлықтың ең қауіптісі де осыеді. Ең алғаш қалаға бет алған кезде, көліктің терезе жағында отырып, алысқакөз тастаған баланың арманы да, мақсаты да асфальт үстінде жатқан әлемгежұтылып кете береді. Біз бұл сезімнің ұрланғанын, жұтылып кеткенін қаланыңшамдары өшкен кезде бірақ түсінеміз. Тек ол кезде кеш болады...

Телефонды қолыма алып «Анашым»деген жазуға ұзақ қарадым. Айтар ештеңе жоқ, тек жай ғана алып хабарластым.Көтермеді. Ұйықтап жатқан болар. Сағатқа қарасам түнгі үштің кезі. Әттең,осыдан бір жыл бұрын дәл осы уақытта осы номерді теріп, хабарласып жағдайынбіліп, қайта-қайта іздегенімде дәл қазір Алматының көшесінде күлімдеп жүрер меедім, кім білсін...

Жанардан домалап түскен біртамшы жастың ішінде бір адамның бір жыл ішінде басынан кешкен тағдырының картинасыжатыр. Тамшы ішінде екі әлемнің күресі: ауылдан қалаға арман қуып келген жәнежатбауыр болғанын сезбей қалған ұл.

Кешір мені, анашым!

Тегтер: