Мароккодағы жер сілкінісі құрбандарының саны екі мыңнан асты
Мароккода 9 қыркүйекке қараған түні болған 7 баллдық жер сілкінісі ел тарихындағы кейінгі жүз жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды
Марокко Ішкі істер министрлігі екі күн бұрын кешкі уақытта болған жер сілкінісі туралы жаңа ақпаратпен бөлісті.
Министрлік мәлімдемесінде эпицентрі Марракештің әл-Хауз ауданында болған 7 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны екі мыңнан асып, жарақат алғандар саны 2421-ге жетті.
Марокко баспасөзі екі күн бұрын жергілікті уақытпен 23:10-да болған жер сілкінісінің ел астанасы Рабат, Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес қалаларында сезілгенін хабарлады.
Құрбандардың көпшілігі Әл-Хауз, Тарудант, Шивава, Уарзазат, Марракеш, Азила, Агадир, Касабланка және Юсифи аймақтарында тіркелді.
Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Азаматтық қорғаныс күштерінен басқа әскерилер де тартылды.
Айта кетейік, Мароккода 9 қыркүйекке қараған түні болған 7 баллдық жер сілкінісі ел тарихындағы кейінгі жүз жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды.