«Маска тағыңыз»

Шымкент қаласыныңәкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасынасәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатындатұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Шымкент қаласыәкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда,Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалықжастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қалатұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен бетперделер таратты. Онда «маска тағыңыз», «жақыныңызға жанашырболыңыз», «үйде қалыңыз», «карантин режимін сақтаңыз» секілді жазбалар бар.
Сонымен қатар,коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдықорындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағыуақытта өз жалғасын табатын болады.