Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 26 Шілде 2020

Мәскеуде Хабаровск тұрғындарын қолдайтын акцияның қатысушыларын ұстап әкетті

None
None

25 шілде күні Мәскеуде полицейлер билік рұқсат етпеген митингінің жиырмадан астам қатысушысын ұстап әкетті.

Митингшілер Хабаровск қаласындағы наразылық акцияларын және Ресей президенттігіне үміткер болған Павел Грудининді қолдау үшін шыққан. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.

Мәскеу қаласы әкімдігінің алдында өткен акцияны "Левый фронт" қозғалысы ұйымдастырған. Қатысушылар Ресей бас прокуратурасына арыз-өтініш тапсырып, онда митинг өткізуге қойылған шектеуді тексеруді, саяси тұтқындардың істерін қайта қарауды және Павел Грудининге тиесілі болған Ленин совхозының меншік иесін алмастыруды талап етті. Совхоз – елдегі ең ірі құлпынау өндірушілерінің бірі. Оның акционерлері директор Грудининмен соттасқан. Грудинин совхоздағы акционерлер шиеленісін рейдерлік басып алу деп бағалап отыр.

Митинг қатысушыларының кемі 25-ін ұстап әкеткен. Пушкин алаңында тағы оннан аса адам ұсталған. Хабаровскідегі наразылықты қолдаушылар ол алаңға "кептерге жем беру" үшін келген.

"Левый фронт" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов РБК сайтына Тверская алаңына 150-200 адам жиналды деп хабарлаған. Айтуынша, полиция саясаткерді үйінің алдынан тоқтатып, профилактикалық әңгіме үшін полиция бөлімшесіне жүруді сұраған.

Сенбі, 25 шілде күні Қиыр Шығыстағы бірқатар қалада Хабаровскідегі наразылыққа ізеттілік білдіру акциялары өтті. Приморск өлкесінің әкімшілік орталығы Владивостокта 200-ге жуық адам Советтер билігі үшін күрескендерге арналған ескерткіш маңына жиналды. Оңтүстік Сахалинск қаласында акцияға 50-ге жуық жергілікті тұрғын қатысқан. Олар "Хабаровск, біз сендерді қолдаймыз!" деп ұрандатқан. Акция жергілікті билікпен келісілмеген, дегенмен полиция митингшілер ісіне араласқан жоқ. Амурдағы Комсомольск қаласында митингіге жүздеген адам шықты. Олар "Дегтяревті алып кетіңдер, ал Фургалды қайтарыңдар!" деп ұрандатты. Қала мэрі Александр Жорник пен қалалық думаның төрағасы Владимир Гинзбург (екеуі де ЛДПР мүшесі) митингшілерге шығып, оларға алғыс айтты.

Хабаровск өлкесінің қамаудағы бұрынғы губернаторы Сергей Фургалды қолдайтын акция. Хабаровск, 25 шілде 2020 жыл. ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Фургал ісі: Хабаровскіде қала тарихындағы ең ірі наразылық акциясы өтті

Тегтер: