Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 30 Шілде 2023

Мәскеуге тағы да дрон шабуылдады

None
None

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасына жаңа дрон шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Бұл туралы қала басшысы ресми телеграм-каналында мәлімдеді.

Шабуыл бүгін түнде жасалған.

"Қаладағы екі кеңсе мұнарасының қасбеттері аздап зақымдалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", — делінген хабарламада.

Шабуыл кезінде IG мұнарасының 10-қабатына зақым келгені, әйнегі ұшып кеткені хабарланды. Көрші Око мұнарасының жанындағы бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейінгі шынылар да сынған. Зардап шеккендер жоқ.

️Сонымен қатар БАҚ Внуково әуежайының ұшып-қону үшін уақытша жабылғанын, рейстер басқа әуежайларға бағытталып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, Мәскеуге осыған дейін екі рет – 30 мамыр және 24 шілдеде дрондар шабуыл жасаған болатын.

Тегтер: