Майқайыңдағы апат: Прокурорлар кәсіпорынға рұқсат берген органды тексеріп бастады
Бас прокурордың хабарлауынша, уəкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының əрекеттері мен əрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.
– Өз кезегінде, Павлодар облысы əкімдігі жанындағы өңірлік жедел штаб (құрамына облыстың құқық қорғау, арнаулы жəне өзге де мемлекеттік органдары кіреді) Майқайың кентінің тұрғындары үшін кəсіпорынның əсер етуінен туындауы мүмкін тəуекелдерді зерделенуде. Кəсіпорынның өнеркəсіптік алаңы 10 мыңға жуық тұрғыны бар Майқайың кентінің жанында орналасқандығы анықталды. Санитариялық-қорғау аймағына 206 жер учаскесі кіреді, оның ішінде 311 адам тұратын ғимараттарымен 103 учаске бар. Прокуратура органдары аталған учаскелер бойынша жергілікті атқарушы органның əрбір актісінің заңдылығын зерделеп жатыр, – деп жауап береді Бас прокуратура.
5 ақпаннан бастап кəсіпорынның жерасты кенішіндегі жұмысы тоқтатылған. Штаттық режимде байыту фабрикасы, автокөлік цехы, əкімшілік-тұрмыстық корпус жəне басқа да қосалқы бөлімшелер жұмыс істеп жатыр.