10:31, 05 Қаңтар 2023
Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
Мәжіліс отырысы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
«Осыдан тура 1 жыл бұрын қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз адамдар қаза тапты. Бүгінгі жалпы отырысты қаңтар құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздікпен бастауды ұсынамын», — деді жалпы отырыс алдында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.