Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:08, 12 Қараша 2021

Мәжілістегі 107 депутатқа ДАТ: «Әрбір тиын үшін күресу керек»

None
None

Соңғы бес жылдың ішінде республикалық бюджеттің шығындары екі есеге өсіп кетті. Бас тарта салуға болатын қажетсіз шығындар өте көп.

Экономист Расул Рысмамбетов айтқандай, Қазақстан келесі, 2022 жылы жаһандық, ғасыр жобаларын салуға ақша жұмсауын азайтуы керек. Өйткені оның ақшасын тағы да ондаған жылдар бойы шығара алмай әлек боламыз.

Келесі жылдың бюджетіндегі ең бір алаңдататын мәселе – біздің бірыңғай жинауқтаушы зейнетақы қоры әлі тірі бола тұра, Ұлттық қордан ақша алатынымыз.  Бұған байланысты саясаттанушы Санжар Боқаев былай деп отыр:

– 2022 жылға арналған бюджетті зерттей келе, қаржыгерлермен, экономистермен кеңесе келе, мен бюджеттегі көптеген баптардан бас тартуға болатынына көз жеткіздім. Өйткені ол жобаларды жүзеге асырудан Қазақстан азаматтарына игілік болатындай бір түйір пайда жоқ! Халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайына ешқандай әсері жоқ құр шығындар сонда кімге, не үшін керек?

Мәселен, 8,5 миллиард теңгеге жуық ақша саяси партияларды қаржыландыру үшін көзделген екен. Партияларға ақша бөлу қарапайым азаматтардың жағдайына ешқандай әсер етпейді. Әрбір министрліктің бюджетінде көзделген орасан қаражатты 10-15 пайызға ойланбастан қысқартуға болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бюджетінде ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға деп 9 миллиардқа жуық теңге бөлінбек, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 50 миллиард, азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тағы бір миллиард теңге көзделген.

Мәдениет және спорт министрлігіне 123 миллиард бөлінген. Онда да қысқартуға болатын түсініксіз мақсаттар толып жатыр. Тұран жолбасырын тірілтуге жарты миллиардқа жуық теңге көзделіпті. Құрғақшылық пен жем-шөптің жоқтығынан кәдімгі жылқы қырылып жатқанда қайдағы жолбарыс? Сосын Қазақстан үкіметі жыл сайын өзіне 170 милллиард теңгеге жуық ақша бөледі. Бірақ онысын қайда, қалай құртқанына ешқандай есеп бермейді.

Келесі жылы 17 миллиардқа жармасайын деп отырған сауда және интеграция дейтін елге керексіз министрлікті мүлдем таратып жіберуге болар еді. Осылайша мен келесі жылға арналған республикалық бюджеттен үнемдеп қалуға болатын 1 триллион теңге таптым. Ол триллион – Қазақстан халқының өміріне еш әсер етпейтін, босқа шашылатын ақша. Мұндай үнемді жүзеге асыру оп-оңай болар еді, егер ниет табылса. Өйткені есеп комитетінің 2020 жылғы үкімет бюджеті бойынша жасалған қорытындысына сәйкес, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 569,4 миллиард теңгені құраған. Бұл дегеніміз – 2020 жылы біз сол ақшаны бөлмей-ақ қойғанымызда да нәтижесі тура осындай болып қала берер еді деген сөз. Егер менеджмент тиімсіз болса, қанша ақша бөлсең де оның бәрібір тиімсіз жұмсалатынын, қойылған мақсаттарға бәрібір жете алмайтыныңды кез келген тәжірибелі басшы біледі. Менің мәжілістегі 107 депутатқа ұсынысым бар: сіздер салық төлеушілердің әрбір тиыны үшін күресулеріңіз керек. Сіздерге есеп комитетінің есебін қолдап, соны зерделеу қажет. Айналайындар-ау, Ұлттық қордан ақша алып, қарызға кірмей-ақ қойыңдаршы. Мінеки, біз келесі жылдың бюджетін 1 триллион теңгеге қысқарта аламыз ғой. Біздің экономиканы көтеретін мүмкіндігіміз әлі бар. Ол үшін құрығанда жаңағы артық шығындарды оңтайландырудан бастау керек. Әдетте, кез келген бизнес істі артық шығынды қысқартудан бастамаушы ма еді? Экономикамызды қарызға тыға бермейікші, – дейді саясаттан

Тегтер: