Мәжіліс депутаты жаңа министрлер мен әкімдер келгенде командаларды ауыстыруға мораторий енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында жаңа министрлер мен әкімдер тағайындалғанда командаларды ауыстыруға үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды.
«Әкімдер мен министрлер ауысады, олар өздерімен бірге 30–40 адамды алып келеді. Мұны кем дегенде үш жылға тоқтату керек. Үш жыл бойы бұрынғы командамен жұмыс істесін», — деді депутат.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілердің «жалған есептеріне» (отписка) жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Бұған қоса, халыққа сайланған әкімдердің есептерін «қабылдамау» құқығын беріп, соның негізінде олардың қызметінен кетуіне бастамашы болу мүмкіндігін енгізуді ұсынды.
Бұдан бөлек, Б. Базарбек мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалайтын ақпараттық жүйе енгізуді және жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың «кінәлі презумпциясын» қарастыру қажет деп санайды.
— «Бұл дегеніміз, егер әкім белгілі бір тапсырма берсе, ал оны орындаушы маман оның заңсыз екенін түсінсе, онда жауапкершілік сол тапсырманы берген тұлғаға жүктелуі тиіс. Осылайша біз қарапайым мамандарды, сарапшыларды және бөлім басшыларын қорғай аламыз», - деді депутат.