Медицина 100 пайыз цифрландырылады

Келешекте Шымкенттіңмедицинасы 100 пайыз цифрландырылады. Осындай мәселе қаланың 2020-2025 жылдарғаарналған денсаулық сақтау саласын дамыту жоспарында қаралып отыр.
Жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтіңтөрағалығымен өткен жиында осы жоспарды қалалық денсаулық сақтау басқармасыныңбасшысы Р.Албаев таныстырды. Қаланың бас дәрігерінің айтуынша, бес жылдық даму жоспары негізгі 4 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар:медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, кадрлық ресурстарды дамыту, қоғамдықденсаулық сақтау қызметін жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарыныңинфрақұрылымын дамыту.«Нәтижесінде: өмір сүруұзақтығы 75 жасқа дейін артады; ана өлімі 25,3 пайыздан 7 пайызға дейінтөмендейді; бала өлімі 8,7-ден 6,9 пайызға төмендейді; жеке инвестициялардыңүлесі 25%-ға дейін ұлғаяды; инсульт орталығының саны 4-ке жетеді; мекемелер 100пайыз цифрландырылады» — деді Р.Албаев.Сондай-ақ, медицинаұйымдарымен меморандум жасалып, барлық индикаторлар бойынша бағалау жүргізуге,ұйымдарды бақылап отыруға мүмкіндік болатынын жеткізді.