Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:25, 16 Шілде 2020

Мегаполиске шетелдік дәрігерлер көмекке келді

Шымкенткетәжірибе алмасу үшін әрі әріптестеріне көмектесу үшін шетелден медицина қызметкерлерікелді.

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы РустамАлбаев брифингте мәлім етті.

– Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайғабайланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орындарсаны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті.Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі орындар санын да көбейтіп, бүгінде 141 жансақтау орны бар. Олар №2 қалалық аурухана, Асар мөлтек ауданындағы 200төсек-орындық инфекциялық аурухана жəне қалалық кордиологиялық орталықтардыңбазасында орналастырылған. Бұл бағытта реаниматолог мамандар тәулігіне 24 сағатжұмыс істеуде. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда бүгінге дейін жеделжәрдем қызметін шақыртушылар саны 2 есеге өскен еді. Қазіргі таңда жағдайқалыпқа келе бастады. Ал дәрі-дәрмек бойынша Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстансияқты елдердің компаниялармен келісімшарт жасалынып, дәрі-дәрмектер әкелінуде.Сонымен қатар келесі аптада Ресейден тәжірибе алмасу үшін әрі көмек беру үшін 5маман, Түркия елінен 10 маман келеді деп күтілуде, – деді басқарма басшысы.

Тегтер: