Мегаполисте 79 үйдің келбеті жаңарады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтіңкөпқабатты тұрғын үйлердіңқасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атқарылып жатқанжұмыстар толығымен аяқталар болса, шаһардағы 79 көпқабатты тұрғын үйдің сыртыжаңа келбетке ие болады.
Әкімтапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарбарысы жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалаәкімінің орынбасары Б.Мамыталиев баяндады.
«Республика және Тәуке хан даңғылы бойындағы шұғыл жөндеуді қажет ететін 43 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңарды
Сонымен қатар, Асар шағын ауданында көпқабатты 30 тұрғынүйдің қасбетін жөндеу қажеттілігі анықталған. Бүгінгі таңда 28 үйде жұмыстар толығымен аяқталып, ал қалғанекі үйдегі жөндеу жұмыстарының 90% пайызы атқарылғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығындаалты үйге «А.Р.Т. Құрылыс» компаниясы жөндеу жүргізіп жатыр. 4 үйдің сыртқықасбеті қалпына келтірілді, қалған 2 үйдің жұмыстары жақын арада бітетінболады.
Осы орайда жөндеу жұмыстары бизнестің-әлеуметтік жауапкершілігі аясындаіске асырылып жатқанын айта өту қажет.