Мегаполисте 9 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Шымкент қаласында 6000 орындық тоғыз мектеппайдалануға беріледі. Оныңішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс.
Бұлардың қатарында Бекетбатыр-Тәшенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Жалпы 2020 жылы қалада 13білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде 4 мектеп құрылысы келер жылғаөтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтікнысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620жұмысшы жұмылдырылған.
Сонымен қатар Шымкент қаласының білімұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемедеспорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Алмектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.