Мегаполисте бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар

Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы Шымкентқаласының әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Тұрғындардыдәрі-дәрмекпен қамту мәселерін реттеу жөніндегі Қасым-Жомарт Кемелұлыныңтапсырмасы аясында қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бүгінде шетмемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн. 700 мыңмаска жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттарыжәне 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның88,7 пайызы ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр»,- деді қала әкімі.Сонымен қатар, оттегімен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі де шешімін тауыпкеледі. Оттегімен қамтылған орын саны 861-ге жеткен. Қосымша 2 ауруханадакислород станциясы іске қосылса, бір ай ішінде тағы 3 ауруханада қосылатынболады.