Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:38, 20 Қараша 2020

Мегаполисте кіріс көбейді

None
None

Шымкент қаласы Абай ауданында инфрақұрылым мен кәсіпкерлік бағытын дамыту үшін биыл 29,3 млрд.

 теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 25,2 млрд теңге бюджеттік қаржы болса, жеке инвестиция көлемі 4,1 млрд теңге. Ауданның инвестициялық ахуалы мен жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баспасөз брифингте мәлімдеді.

Бұхарбай Рысқұлұлының сөзінше 2021 жылы ауданға тартылатын инвестицияның көлемін ұлғайту жоспарланған, 41,7 млрд теңге. Оның ішінде бюджеттік қаржы 29,7 млрд теңге, жеке инвестиция 12 млрд теңге деп болжанып отыр.

–Биыл салықтан түскен қаржының көлемі артып отыр. Түсімдердің көлемі өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 3,2 млрд теңге кіріс түсіп, жоспар 133% атқарылды, -деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жаңа статусқа ие болуына байланысты жеке тұлғалардың мүлік, жер салықтары есебінен түсімдердің өсу қарқыны 138 млн теңгеге артқан.

Тегтер: