Мегаполисте тірлігін дөңгелеткен шаруақожалықтар көп
Шымкент қаласында«Қарапайым заттар экономикасы арқылы» қаржылай көмек алып, шаруасын дөңгелетіпотырған шаруа қожалықтары көп.
Нәтижесінде мегаполисте мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалып отыр.
Мемлекеттенқаржылай қолдау алып ет бордақылау кәсібін дөңгелетіп отырған «Ет өнімдері KZ»ЖШС-нің жұмысымен жуырда қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Қаратау ауданы,Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан шаруа қожалықтың жалпы аумағы 5,5 гақұрайды. Сыйымдылығы 3 мың бастық бордақылау алаңында қазірде 1500 бастан асаірі қара мал бордақыланып жатыр.Мал бордақылау алаңының жұмысымен таныстыру барысында серіктестік иесі өткенжылы бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату бойынша мемлекет тарапынан 148,1млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар, 2020 жылы«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 100 млн. тг несие алып,шарушылығын кеңейтіп жатқанын жеткізді.Бұдан бөлек, әкім аталған тұрғын алабында орналасқан ауыл шаруашылығы өнімінқайта өңдеуші, негізінен сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын «ЭМ-НУР» ЖШС-гіндеболды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 6 600 тонна сүтті қайта өңдеп, 550 тоннақатты ірімшік өндіруге бағытталған. Бұл кәсіпорын биылғы жылы 262 тонна қаттыірімшік өңдірісіне — 87 987,3 мың теңге субсидия алған.Сондай-ақ, қала әкімі аумағы 2,2 гектарды құрайтын «Иляев» ЖК өндірістікжылыжай кешенін аралап көрді. Кешеннің жылдық қуаттылығы 800 тонна қызанақөндіруге бағытталған. Қазіргі таңда 600 тонна өнім жиналыпты. Егілген қызанақсорттары: «Мерлис» және «Пембе». Кәсіпкердің өндірістік жылыжай кешенініңқұруға жұмсаған шығынына мемлекет тарапынан 139 256,0 мың теңге қолдаукөрсетілген.