Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:53, 14 Тамыз 2020

Мегаполисте веложолақтар салынуда

Шымкентте бір-екіай көлемінде тұрғындарға велосипедтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкентқаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында айтып өтті.

– Шымкентте 2019-2020 жылдары қаланың үлкенмагистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарымен қатар веложолақтар салынуда.Қазіргі таңда, SHYMKENT BIKE әлеуметтік-инновациялық жоба шеңберінде 160велосипедтен құрайтын 40 велостанция пайдалануға әзір тұр. Велосипедтердіәкімдік балансына алып, бүгінде тиісті шараларды жүргізіп жатырмыз. Алдағы1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар үшін пайдалануға беріледі, – дедіМ.Исахов.

Мақсұт Исаховтың айтуынша, велосипедпайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар да әзірленген.BIKE SHARING жүйесі арқылы велосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдаланып, оданкейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағат үшін – 250 теңге, 3 сағатүшін – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңгеден жұмсалады. Жалпы абоненттіктөлем картасының құны: 1 айлық абонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады.

Тегтер: