Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 24 Маусым 2024

Меккеде қайтыс болғандар саны 1300-ден асып кетті

в
Фото: pixabay

Сауд Арабиясындағы биылғы қажылық кезінде қайтыс болғандардың саны 1300-ден асып кетті.

Олар шөл патшалығындағы исламдық қасиетті орындарда өте жоғары температураның құрбанына айналып отыр. Мұны Сауд Арабиясының билігі жексенбі күні хабарлады.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдуррахман әл-Джаладелдің айтуынша, қаза тапқан 1301 адамның 83 пайызы Мекке қаласы мен оның маңайында қажылық рәсімдерін орындауға рұқсатсыз барып, аптап ыстықта ұзақ қашықтыққа жаяу жүрген.

Әл-Джаладелдің сөзінше, марқұмдар Меккеде жерленді.

Жан тәсілім еткендердің арасында 660-тан астам мысырлық бар. Каирдегі екі шенеуніктің айтуынша, олардың 31-нен басқасы рұқсат етілмеген қажылар болған. Мысыр билігі рұқсатсыз қажыларға Сауд Арабиясына баруға көмектескен 16 туристік фирманың лицензиясын қайтарып алды.

Тегтер: