Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:48, 29 Қыркүйек 2023

Мектеп дәретханасында сабын мен қағазды видеоға түсірген оқушы қысымға ұшыраған

ақтау мектеп
Фото: lada.kz/видеодан алынған кадр

Ақтау мектебінде оқитын қыз дәретхана қағазы мен сұйық сабын мектебінде комиссия келе жатқаннан соң пайда болғанын хабарлаған болатын. Бұл мәлімдемеге байланысты оқушы қыз  қысым көріп жатқанын жеткізді.

Ақтау қаласындағы №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы мектеп әжетханасынан сұйық сабын мен дәретхана қағазын көргенде таң қалғаны туралы видеоны әлеуметтік желіде жариялағаны үшін мектеп басшылығы қатаң жазаға тартқан. Бұл видеодан кейін мектеп басшылығы оның ата-анасына айыппұл саламын, жұмысыңда қиындықтар туындайды деп қорқытқан. Сонымен қатар 11 сынып оқушысына мектеп атынан олимпиадаларға қатысуға тыйым салған.

Комиссияға дәретхана қағазы. Ақтау мектебінен түсірілген видеоны шенеуніктер жоққа шығарды (видео)

Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев оқушы түсініктеме жазғанын instagram парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

 

Қыз анасымен бірге Балалар құқығын қорғау комитеті хабарласқан.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті баланың анасымен байланыста екенін және оның құқығының бұзылуына жол бермейтінін мәлімдеді.

Біздің басты міндетіміз – әр бала үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Бұны барлық білім беру ұйымдарының басшылары да түсінуге тиіс. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында баланың сөз бостандығына, өз пікірін білдіруге, өзінің қоғамдық ұстанымын дамытуға құқығы бекітілген. Білім беру ұйымдарының барлық басшылары оны нақты біліп, балалардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға көмектесуге тиіс. Тәрбие процесінде тыйым салу, қорқытуға жол берілмейді!, - деп хабарлады ведомство.

Комитет сонымен бірге өз ұстанымын белсенді түрде білдіретін және оның құқықтарының бұзылуы туралы хабарлаған әрбір баланы қолдайтынын мәлімдеді.